Менің сүйікті қалам - Шымкент. Ол - Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы. Басқа облыстарға қарағанда халық өте көп шоғырланған. Өйткені климаты жылы, ауа-райы жайлы болып келеді. Қаламыздың көкорай шалғын шөптері, ағаштары, жайқалған гүлдері оны одан әрі әсем етіп, көркем етіп көрсетеді. Шымкентті «жасыл қала» деп аталуының бір себебі де осы. Шымкенттің айналасында Бадам және Арыс өзендері ағып өтеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының аудандары: Түркістан, Отырар, Сайрам, Төлеби, Мақтарал, Бәйдібек, Ордабасы т.б. жатады.
Шымкент сауда-саттық жағынан да жақсы дамыған. Шымкентте бірнеше завод, фабрика, өндірістік орындар бар.
Шымқаланың орталығында көптеген саябақтар, ойын-сауық орталықтары, зообақ, цирк, сауда орталықтары бар. Саябақтарда көптеген тарихи мүсіндер қала көркіне көрік қосып тұр. Атап айтқанда: Абай саябағында А.Құнанбаевтың мүсіні, облыстық сот алдындағы үш бидің мүсіні, Ұлы сазгер-композитордың құрметіне салынған Шәмші аллеясындағы Шәмші Қалдаяқовтың мүсіні, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің құрметіне салынған ескерткіш тастар бар.
Мен Шырайлы Шымқаламды шын жүрекпен сүйемін!
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Бамсы Байрақ туралы жырда не туралы айтылады?
Оғыз-қимақ ұлысынан бас батыры Бәмсі-Байрақ, яғни, Алпамыс бүлікшілікті бастаған өз тайпаластарының қолынан өледі де, бұдан кейінгі оқиғалар барысы оғыз-қимақ ұлысының бүлінуіне әкеліп соғады. Осы бүліншіліктің ақыры қай-қоңырат немесе қай-қият тайпаларының өздерінің байырғы атамекендеріне қайта бет бұруына себепші болды ма, болмады да, ол жағын дөп басып айта алмаймыз. Дегенмен Шыңғыс хан заманында, сонау Моңғалияда, осы екі тайпаның ең алдымен тарих сахнасына шығуы оқиғалар барысынының біз ойлағандай бағытта дамығандығынан хабар беретіндей. Бірақ олар ендігі моңғол нәсілді емес, жартылай, бәлкім, тұтасымен түркіленген еркіндік сүйер Ұлы Дала тайпалары еді. Олар Сыр бойына кіріптарлықпен барған алғашқы сапарларынан естелік ретінде өр де ер Бәмсі-Байрақ немесе Алпамыс батыр жайлы жырды алып қайтқан-ды.
Объяснение: