seymurxalafov05
?>

Күлтегін жырында қандай мәселелер​

Казахский язык

Ответы

zimbickij19

«Күлтегін» жыры (үлкен жазу) жер мен көктің және а ң жаралуы туралы философия толғаудан басталады (биікте Көк тәңірі, төменде қара жер жаралған да екеуінің арасында а жаралған). Бұдан кейін бүкіл а Білге қаған мен Күлтегін батырдың ата-бабалары билік жүргізгені, түгел түркінің басын қосып, қуатты мемлекет орнатқан Бумын қаған мен Істемі қаған мадақталады. «Күлтегін» жырының авторы Түрік қағандығының бүкіл әлемді аузына қаратқан айбарлы да абыройлы дәуірін зор мақтаныш сезіммен жырлайды. Сондай-ақ ақын Бумын қаған мен Істемі қаған қайтыс болған соң түркі елінің тағына дарынсыз қағандар отырғанын, халықты опасыз бектер мен жүгенсіз әміршілер билегенін күйінішке толы жыр жолдары арқылы жеткізген («Соңындағы інісі ағасындай болмады, Ұлдары әкесіндей болмады. Біліксіз қағандар отырған екен, Жалтақ қағандар отырған екен»). Табғаш елінің алдауына көнген Түрік қағандығының бектері өзара араздасып, елдің ішкі бірлігіне көп нұқсан келтірді. Елде алауыздық туды. Түрік қағандығының іргесі шайқала бастады. Бұл өте қауіпті кезең еді. Автор түркі халқы ата-баба дәстүрін берік ұстаған кездерінде ешкімге тәуелсіз, еркін өмір сүргенін жырлай келіп, ол осы жолдан тайып, дұшпанға алданған сәттерінде: «Бек ұлдары – құл болды, Пәк қыздары – күң болды», – дейді. Міне, содан кейін Күлтегін батыр көп әскер жиып, түркі елін жаудан азат етуге кіріскені зор сүйіспеншілікпен суреттеледі. Түркі әскерінің оғыз, соғды, түргештерге, т.б. қарсы жүргізген шайқастары, ал Күлтегін батырдың шайқас алдындағы жекпе-жекке шығып, жауды ұдайы жеңіп отырғаны зор шеберлікпен бейнеленген. Жырдың авторы Күлтегін мінген аттың сипатын, ат әбзелдерінің әдемілігін, батыр қаруының сұсты көрінетінін ұтымды теңеулер арқылы көрсете білген. Жырда Күлтегін түркі елінің «төрт бұрышындағы» барлық жауды жеңіп, елде тыныштық, бейбіт өмір орнатады. Ақын Күлтегіннің ерлігі туралы: «Бастыны – еңкейтті, Тізеліні – бүктірді», – дейді. Сөйтіп, жырда Күлтегін батырдың күллі түркі халқын тәуелсіз еткені әрі оны байлыққа кенелткені «Жалаңаш халықты тонды, Кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым. Тату елге жақсылык қылдым», – деп зор мақтаныш сезіммен баяндалады: «Күлтегін» жырының басты идеясы – түркі халқын ауызбірлікке, сыртқы жауға қарсы ұйымдасқан күреске, ежелгі ата-баба жолы мен салт-дәстүрін берік ұстауға үндеу болып табылады. Жыр соңында Күлтегін батыр қайтыс болғанда бүкіл түркі халқы қатты қайғырып, аза тұтқаны, оны жоқтап, жерлеу салтанатына әлемнің төрт бұрышынан көптеген атақты адамдар – елшілер, батырлар, бектер, тас қашайтын шеберлер, т.б. келгені айтылады.

«Күлтегін» жыры – елдің ішкі бірлігін жыр еткен, идеялық мазмұны терең, көркемдік дәрежесі биік поэзиялық туынды. 2001 жылы 18 мамырда Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетіне Күлтегін жазба ескерткішінің көшірмесі қойылды.

Объяснение:

Александровна
Пословицы на казахском языке  (мақал-мәтелдер)  о животном мире     қойдың сүті — қорғасын.   қойшы көп болса, қой арам өледі.   екі қошқардың басы бір қазанға сыймас.   ісек қойдың басы үлкен, саулық қойдың жасы үлкен.   ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымайды.   ақсақ қой түстен кейін маңырайды.   ақсақ қой жатып семірер.   семіздікті қой көтерер.   семіздің аяғы сегіз.   арық қой — тырысқақ, — ұрысқақ.   жаман жасаққа жарамайды, желінсау қосаққа жарамайды.   қарақұрт жесе қой семіреді.   жаман қой ісегінде қартаяды.   еркек қой бұралқы болмас.
Nikita_Lina1305

Менің мамандығым педагогикамен байланысты болғандықтан, осы қыста мектепте машықтану болдым. Мен №37 орта мектепте оқыдым. Бұл тәжірибе 3 аптаға созылды. Мен 6А сыныбын көрдім. Сыныпта 30 адам болды. Балалар өте мейірбанды және ақылды болды. Студенттер оқуға қызығушылық танытты және сабақтарда белсенді жұмыс жасады.

Мен 6 сыныпта бірнеше ағылшын тілі сабағын өткіздім. Сабақ үшін мектеп мені сынып пен жабдықпен қамтамасыз етті.

Бұл тәжірибе үшін балалармен ортақ тіл табуға, сабақ жүргізуге және білімімді нығайтуға үйрендім. Жалпы алғанда, бұл тәжірибе маған мектепте жұмыс істеудің жалпы идеясын берді.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Күлтегін жырында қандай мәселелер​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

yurovolga
Solovetzmila
Olgachalova111
anastasiavilina
Оксана759
olyavoznyak
Юлия1689
tanyaandreeva728
Dodkhobekovich1683
rusinfopro
Вайнер
zrs-546
starabanov
Amulenkov
bk4552018345