Менің сүйікті спортым.
Әр адамның өзінің талғамы мен икеміне сай спорт түрі бар. Мысалға, біреулер қарсылартармен жекпе – жекке шығып, күш сынасқанды ұнатса, енді кейбір адамдар керісінше, қарсыластарын логикасымен жеңгенді ұнатады, тағы біреулері жылдамдықпен байланысты спорт түрлерін жақсы көреді.
Осы орайда, менің сүйікті спорт түрім – мәнерлеп сырғанау. Бұл спорт түрінде спортшы конькимен сырғанап, музыка сазына сәйкес әсем қимыл жасайды. Мәнерлеп сырғанау алғаш рет Ұлыбританияда пайда болған. 1763 ж. Лондонда Б.Вест мәнерлеп сырғанаудан алғаш рет өнер көрсеткен. Мәнерлеп сырғанаудың жекелей, жұптасып, топтасып сырғанау және мұздағы би түрлері бар. Жекелеп сырғанауда міндетті және еркін жаттығудан спортшы өзінің қабілеті мен шеберлігін көрсетеді, ал жұптасып сырғанауға жігіт пен қыз қатысады. Мәнерлеп сырғанауда қозғалыс түрлі болуы мүмкін: баяу, немесе жылдам. Музыканың ырғағына байланысты спортшы түрлі қимылдар жасайды: айналады, секіреді, мұз үстінде жүгіреді. Мәнерлеп сырғанау адам бойында кербездік пен сұлулықты дамытып, адамды шыңдай түседі. Бірақ өте әдемі спорт түрі болғанымен қиындығы да қатар жүреді. Мысалға, айтатын болсақ, бұл спорт түрінде ауыр жарақаттар жиі кездеседі, екіншіден, жаттығу жұмыстары күнделікті бірнеше сағаттан болып отырады, көп қаражат пен уақытты талап етеді. Дегенмен, осы қиыншылықтардың бәрінен бас тартпай, осыншама әсем спорт түрімен айналысатын спортшылардың алдында бас игім келеді.
Мен болашақта үлкен спортшы болмасам да, бұл спорт түрімен өзім үшін айналысамын, сонымен қатар осы спорт түрінен өткізілетін барлық жарыстарды үзбей көріп отырамын.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Оленнен жалпы есимдерди тауып жазу. Тоқта, ботам! Атаң келеді артыңда! Бұр мойныңды қалжыраған қарт ұлға. Сенің сәби сәттеріңнің мысқалын Айырбастап ала алмай жүр алтынға. Тоқта, ботам! Атаң келеді артыңда! Жүзе жүріп, жүз құбылған сағымда, Жастық дейтін көктеменің шағында, Өскен едік сенің анаң екеуміз Осы қарттың мәпелеген бағында. Қарттың бағын жайлайтынбыз иен тегін, Тыңдайтынбыз алуан-алуан ертегін. Жинап алып жүрер еді жарықтық Күллі ауылдың елтеңі мен селтеңін. Ей, болашақ! Қарт келеді зиялы, Кейімесін ата-қыран ұялы. Сен сыйласаң, сәби шақтың бір сәтін, Атаң саған ұзақ өмірін қияды. Ақылына айырбаста күлкіңді, Қайтесің сол күлкі дейтін шіркінді?! Бейқам күліп өспеген соң өз басым, Бос күлкіні ұнатпаймын бір түрлі... Тоқта, ботам! Атаң келеді артыңда. Дария шалқар даналығын ал, тыңда! Сенің сәби сәттеріңнің мысқалып Айырбастап таба алмай жүр алтынға. Тоқта, ботам! Атаң келеді артыңда!
Мұқағали Мақатаев
такырыбы:Тоқта, ботам
Тоқта, ботам!
Атаң келеді артыңда!
Бұр мойныңды қалжыраған қарт ұлға.
Сенің сәби сәттеріңнің мысқалын
Айырбастап ала алмай жүр алтынға.
Тоқта, ботам!
Атаң келеді артыңда!
Жүзе жүріп, жүз құбылған сағымда,
Жастық дейтін көктеменің шағында,
Өскен едік сенің анаң екеуміз
Осы қарттың мәпелеген бағында.
Қарттың бағын жайлайтынбыз иен тегін,
Тыңдайтынбыз алуан-алуан ертегін.
Жинап алып жүрер еді жарықтық
Күллі ауылдың елтеңі мен селтеңін.
Ей, болашақ!
Қарт келеді зиялы,
Кейімесін ата-қыран ұялы.
Сен сыйласаң, сәби шақтың бір сәтін,
Атаң саған ұзақ өмірін қияды.
Ақылына айырбаста күлкіңді,
Қайтесің сол күлкі дейтін шіркінді?!
Бейқам күліп өспеген соң өз басым,
Бос күлкіні ұнатпаймын бір түрлі...
Тоқта, ботам! Атаң келеді артыңда.
Дария шалқар даналығын ал, тыңда!
Сенің сәби сәттеріңнің мысқалып
Айырбастап таба алмай жүр алтынға.
Тоқта, ботам! Атаң келеді артыңда!