?>
Азамат үшін өз өмірін өрелі мақсат жолында сарп етуден артық мурат жоқ . Азаматтық белсенділік тек елдің алдымен бiлегiн түрiп шыға келетін елгезектік емес , ол – бүгінгі күн пәрменінен ертеңгі келешектің көкейтесті мүддесін та танып барып , қайратқа жүгініп әрекетке жүгіретін қапысыз көрегендік . Мұндай өресі биік күресте сара ақылмен қоса , салқын сабыр таптырмас қару . Ұрпақтың ұрпаққа қалдырар ең асыл мұрасы өзі бастан кешкендерден түйген азды - көпті рухани тәжірибесі . Одан қол үзген қауым өзінің келешегінен күдер үзген қауым . Мəтіндегі астарлы ойды анықтау керек
Ответы
Болашақты болжай білген бабалар.
Екі миллион сегіз жүз мыңдай шаршы квадратты алып жатқан қазақ елі болмысынынан кеңпейіл,қонақжай,батыр да батыл,дана халық екенін білеміз.Бұл қасиеттермен қатар қазақ халқының болашақты болжаушылық қасиеті де таңқалдырмай қоймайды. «Өткенді білмей,болашақты болжай алмайсың» демекші,әрине,болжау көпті көрген,білген адамның қолынан ғана келеді.Осыдан мындаған жылдар бұрын қазақ халқының басына небір нәубеттер түскенде ел жанашылары,белді тұлғалар елдің болашағын күңірене болжаған еді.Солай елдің ертеңін ойлаған Асан қайғы:
Мұнан соң қилы-қилы заман болар,
Заман азып, заң тозып жаман болар.
Қарағайдың басына шортан шығып,
Бабалардың дәурені тәмам болар,— деп таусылуы орынды еді.Қазіргі таңда он сегіз миллиондай халқымызбен ата - бабамыз тек жақсылыққа болжап кеткен дүниелерді жүзеге асырып жатқандығына мен сенемін.