Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
4-тапсырма. Мәтін бойынша сұхбат құрыңдар.Азамат үшін өз өмірін өрелі мақсат жолында сарп етуден артықмұрат жоқ. Азаматтық белсенділік тек елдің алдымен бiлегiн түрiп шығакелетін елгезектік емес, ол бүгінгі күн пәрменінен ертеңгі келешектіңкөкейтесті мүддесін та танып барып, қайратқа жүгініп, әрекетке жүгіретін қапысыз көрегендік. Мұндай өресі биік күресте сараақылмен қоса, салқын сабыр таптырмас қару. Ұрпақтың ұрпаққақалдырар ең асыл мұрасы өзі бастан кешкендерден түйген азды-көптірухани тәжірибесі. Одан қол үзген қауым өзінің келешегінен күдерүзген қауымӘбіш Кекілбаев)1. Еліңнің тағдыры – өзіңнің тағдырың.2. Бүгін сен түзелсең, ертең ел түзеледі.3. Еліңнің жұты болма, құты бол.4. Бақ атадан қалған мұра емес.(Мырзатай Жолдасбеков)Зиялылар өз халқына қызмет етудің, халықпен ортақ тіл табысабілудің неғұрлым тиімді жолдарын таба білуі тиіс.Ұлттық рухтың негізі – ұлттық тіл.Тіл – халықтың перзенті.Ұлттық зиялылар қатарына тек өз халқының саяси-экономикалықжәне әлеуметтік дамуына қалтқысыз қызмет ете алатын адамдар ғанакіре алады.(Мұстафа Шоқай
Рухани өміріміздің тарихында бір дәуірдің болмыс-бітімін, таным- түсінігін айшықтай түсетін айрықша тұлғалар болды. Исламға дейінгі Тәңірлік дүниетанымның шашырап жатқан дерек көздерінің негізінде пайымдап, бас- аяғын жинақтауға әрекеттенер болсақ, оның бел ортасында тұрған дара тұлғаларды айналып өту мүмкін емес. Солардың бірі, бірегейі-түркі халықтарының арасында есімі ежелден танымал-Қорқыт ата. Шығыс Түркістаннан бастап Кіші Азияға дейінгі түркі халықтарының ауызша да, жазбаша да жәдігерлерінен ойып орын алған Қорқыт бейнесі бір ғана көркемдік дүниенің жеміс еместігі, мұның астарында берісі нақтылы тарихи тұлға, арысы тұтас қоғамдық-әлеуметтік, саяси, діни дүниетаным тамыр тартып жатқан дәуірлік құбылыс жатқандығы даусыз. Байыптап қарасақ, исламнан бұрынғы идеология мен таным-түсінікке қатысы бар тұлғалардың қуаттысы да, жұртшылыққа кеңінен мәшһүр болғаны да Қорқыт есімі.