Объяснение:
Ұстаз-қасиетті мамандық иесі.Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатар, шәкірт жүрегіне гүл егер, бала жанының бағбаны аяулы ұстаздар емес пе? Иә, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақындар да, тегеуріне темір балқытқан жұмысшы да, егін еккен дихан да, мал бағып терін төккен шопан да бәрі-бәрі ұстаздан білім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл а құрметпен бас иеді.Ұстаз - таудан арқырай аққан тау өзені секілді, айналасына қуат беріп, жолында кездескендерді суымен нәрлендіріп, таудай қиындықтарды тастай домалатып, білімнің сар даласында тыныштық тауып, дамылдайды. Ұстаз - Жер деген әлемнің бетін көркейткен, шәкірттеріне шуақ төккен Күн-Ана. Ұстаз – ақылдың тозбайтұғын асылы. Қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі жауһары. Өзге мамандық атаулылары өздерінің түр-сипатын мың құбылтып жатса да, еш өзгеріссіз сол бәз баяғы қалпында жас ұрпаққа адамгершілік қасиеттердің дәнін еккен диқаншы.
Көркем әдебиеттегі көнерген сөздер:
1) Бір жігіт ұзын бойлы, шойын қара, Ерекше көзге түсті жеке дара.
Шоң желке, алақан көз, жырық ерін, Денесі алқам-салқам бір дағара. (Ж.Саин, "Күләнда").
Дағара – ебедейсіз, рабайсыз үлкен.
2) Алсай жиырма түтін.
Патшаның әскері түмен (Ш.Мұртаза, "Қызыл жебе").
Түмен – он мың.
3) Самарқант пен Бұқардан тоғыз керуенмен тасылған қырмызы қызыл кілем, дүрия, т о р қ а жібектен тысталған мамық жастық, түбіт көрпелермен безенген (I.Есенберлин, "Алмас").
Торқа – ең қымбат жібек мата.
Объяснение:
ответ дан
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
по каз. яз составить план по тексту
Бата беру
салт дәстүр
дастархан
Ас