Біздің қазақтың қосқан аты алдында келсе, түсірген балуаны жықса, салған құсы алса, қосқан иті өзгеден озып барып ұстаса, есі шығып бір қуанады. Білмеймін, содан артық қуанышы бар ма екен? Әй, жоқ та шығар! Осы қуаныш бәрі де қазақ қарындастың ортасында бір хайуанның өнерінің артылғанына я бір бөтен адамның жыққанына мақтанарлық не орны бар? Ол озған, алған, жыққан өзі емес, яки баласы емес. Мұның бәрі - қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ, биттей нәрсені бір үлкен іс қылған кісідей қуанған болып, ана өзгелерді ызаландырсам екен демек. Біреуді ызаландырмақ - шариғатта харам, шаруаға залал, ақылға теріс. Әншейін біреуді ыза қылмақтың несін дәулет біліп қуанады екен? Жә, болмаса, ана ыза болушы соншалық неге жер болып қалады екен?
Объяснение:
26шы қара сөз
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
4-тапсырма. Мәтін бойынша сұхбат құрыңдар. Азамат үшін өз өмірін өрелі мақсат жолында сарп етуден артықмұрат жоқ. Азаматтық белсенділік тек елдің алдымен бiлегiн түрiп шығакелетін елгезектік емес, ол бүгінгі күн пәрменінен ертеңгі келешектіңкөкейтесті мүддесін та танып барып, қайратқа жүгініп, әрекетке жүгіретін қапысыз көрегендік. Мұндай өресі биік күресте сараақылмен қоса, салқын сабыр таптырмас қару. Ұрпақтың ұрпаққақалдырар ең асыл мұрасы өзі бастан кешкендерден түйген азды-көптірухани тәжірибесі. Одан қол үзген қауым өзінің келешегінен күдерүзген қауымӘбіш Кекілбаев)1. Еліңнің тағдыры – өзіңнің тағдырың.2. Бүгін сен түзелсең, ертең ел түзеледі.3. Еліңнің жұты болма, құты бол.4. Бақ атадан қалған мұра емес.(Мырзатай Жолдасбеков)Зиялылар өз халқына қызмет етудің, халықпен ортақ тіл табысабілудің неғұрлым тиімді жолдарын таба білуі тиіс.Ұлттық рухтың негізі – ұлттық тіл.Тіл – халықтың перзенті.Ұлттық зиялылар қатарына тек өз халқының саяси-экономикалықжәне әлеуметтік дамуына қалтқысыз қызмет ете алатын адамдар ғанакіре алады.(Мұстафа Шоқай