Есімше.
Қимыл-әрекетті білдірумен бірге есім сөздің де белгілерін білдіретін етістіктің түрі есімше деп аталады: көрген кісі, алған адам, оқылатын кітап, кірер есік, естір сөз, айтылмақ сөз т.б.
Есімшенің жұрнақтары :
1) –ған,-ген, -қан,-кен: жазған, көрген, айтқан, өткен т.б .
2) –ар,-ер,-р,-с: жазар, берер, сөйлер,айтпас, бермес т.б.
3) –атын, –етін,–йтын, йтін: қалатын., көретін, қарайтын, тілейтін т.б.
4)—мақ,–мек,–бақ,–бек,–пақ,–пек: тындамақ, естімек, қайтпақ, кетпек, жазбақ, кезбек т.б.
Есімше заттың белгісін білдіргенде, сөйлемнін анықтауыш мүшесі қызметін атқарады: Естілген сөздің жалған болуы мүмкін. Көрген көзде кінә жоқ.
Көсемше
Көсемше депнегізгі қимыл– әрекеттің қалай; қайтып жасалатынын білдіретін етістіктің түрі аталады. Мысалы, қарқылдап(қалай? ) күлді, күлімсірей( қалай?) қарайды, қасқайып(қайтіп?) тұра қалды,асықпай (қалай?) сөйлейді т.б.
Көсемшеніңжұрнақтары:
– ып, -іп, -п: бар-ып, көр-іп, сана-п, сөйле-п т.б.
–а, -е, -й: сыз-а, қал-а, бер-е, көр-е, сана-й, сөйле-й, келме-й, барма-й, т.б.
–қалы, -келі, -ғалы, -гелі: қайт қалы, кет-келі, тұр-ғалы, кел-гелі т.б.
–қанша, -кенше, -ғанша, -генше: қайт-қанша, өт кенше, бол ғанша, біл-генше.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Шыгарманын каһарманы деген угымга аныктама бериндер
Бозторғайлар (Alaudіdae) – торғайлар отрядына жататын сайрағыш құстар тұқымдасы. Жер шарында кең тараған, тек Антарктида кездеспейді. 15 туысы, 75 түрі анықталған (1 түрі – Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген). Қазақстанда 6 туысқа жататын 13 түрі бар. Бозторғайлар шөл, шөлейт және қиыршықтасты жазық далада, тау жайылымында, елді мекен маңында, кейде орман алаңында кездеседі. Дене тұрқы 12 – 23 см. Қанаттары ұзын, аяқтары қысқа. Артқы бармағында ұзын тырнағы бар. Әдетте, түсі бозғылт, көбінесе мекендеген жерінің түсіне қарай өзгеріп отырады. Бұл қасиеті құсты жерде жүргенде жасырып, бірден көзге байқатпайды. Ұя салмаған кезде, топтасып ұшады. Бұлардың ішінде ең көп кездесетіні – бозторғай (Alauda arvensіs). Оның қанатының ұзындығы 8,5 – 14 см, салмағы 30 – 48 г. Ол Қазақстанның шөлді даласынан басқа аумағында кеңінен тараған. Бозторғайлар жердегі шұқырларға ұялап, оған 2 – 6 тарғыл жұмыртқа салады, кейбір түрлері жылына 2 рет жұмыртқалайды. Балапандарының денесін, әсіресе, жонын қалың мамық жапқан. Бозторғайлар – жыл құсы. Олар қыстау үшін күзде оңтүстіктегі жылы аймақтарға ұшып кетеді, қысы жұмсақ жылдары Қазақстанның оңтүстік аудандарында қыстап қалады. Бозторғайлар өсімдік дәнімен және жәндіктермен қоректенеді. Арамшөптердің де дәнін жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді.