"Кенесары-Наурызбай"-батырлық эпос үлгісімен жазылған тарихи-реалистік жыр.
Қазақ тарихындағы ұлт-азаттық көтерілістерді бастаған көсемдер, хандар, батырлар, туралы ақындардың әуезе жыр-дастандары әдебиет тарихында маңызды. Ақындық поэзиядағы көрнекті ақындарымыздың бірі Доскей Әлімбайұлының «Кенесары, Наурызбай» атты әуезелік жыр-дастаны да тарихилығымен ерекшеленеді.
Дастанның тақырыбы – Кенесары, Наурызбай бастаған – ұлт-азаттық көтерілісінің тарихи сипатын таныту, идеясы – ұлт-азаттық көтерілісі кезіндегі халықтың жанқиярлық күресін, қол бастаған батырлардың (Кенесары, Наурызбай, Ағыбай, Бұқарбай, т.б.) ерлік істерін даралау, мінездеу.
Дастанның композициясы мынадай бөліктерден құралған: біріншісі – Ресей патшалығының отарлау ықпалына түскен қазақ халқының мүшкіл хал-ахуалына автордың эпикалық баяндауы мен лирикалық толғаныстармен баға бергені; екіншісі – екі жақтан епкіндеп торлай бастаған отарлау құрсауына қарсы Кенесары, Наурызбай бастаған әскердің жиналуы; үшіншісі – Наурызбай, Ағыбай батырлардың Кене хан әскері үшін тұлпарлар жинауы, Жолды аяқ сынды тілеулес батырлар шоғырының құралуы; төртіншісі – Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтерілісі жауынгерлерінің орыс жазалаушыларымен шайқасып, Қызылжарды, Көкшетауды, Бурабайды, Атбасарды, Қараөткелді және т.б. мекендердi отаршылдардан азат еткенi; бесiншiсi – Ресей патшалығынан азат болу жорығына қырғыз елін де қосу жолындағы әрекеттің қырғыз манаптарының және кейбір қазақ руларының опасыздығының кесірінен сәтсіздікке ұшырағаны; алтыншысы – дастанның тұтас желісіндегі азаттыққа, тәуелсіздікке құштар қаһарман халықтың көркем жинақталған тұлғасының сомдалуы. Қазақтардың жеңілген себебі - Кенесары қолында алауыздық туады, барымтаны олжалауға таласуы еді.
Қорытындылай келе айтарым, "Кенесары-Наурызбай"- тарихи-реалистік жыр. Аталмыш туынды арқылы сан қатпарлы тарихымыздың бір тарауын біле аламыз, батырларымыздың ерлігіне, халықтың жағдайына куә боламыз.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
По содержанию составь 5-6 предложений, запиши Туранов аз-кем үнсіз отырды да, сөз алды. — Мен білсем, біздің көргеніміз космос әлеміндегі еңбір сирек ұшырасатын ғажайып құбылыс. Жаңағы бізді тұтқындаған планетаның жаны бар болып шықты. — Жаны бар Барлық экипаж мүшелері айран-асыр болып үрпиісіп қалды. — Бүтіндей бір планетаның алып жануар болуы мүмкін бе Бұл ақылға симайтын жағдай екен, — деді Мәриям. Айтып отырғаныңыз тіпті космоста тіршіліктің пайда болу заңына да қайшы ғой. — Тіршіліктіц пайда болу заңына дейсіз бе — деді Туранов.— Сіз өзіңіз қалай пайда болдыңыз Қосмостық табиғаттың адам сияқты тірі организмді дүниеге тудыруы тіпті де ғажайып емес пе! Бұл да сондай бір құбылыс. Жер бетіндегі тіршілік ауа райына байланысты мың құбылған формада өсіп-өнді. Ал бұл планетаға ондай форманың қажеті жоқ. Олар ортақ биогравитациялық заңға бағынған. — Бізді сіз асықтырғанда
Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/shygarma/5193-er.html
© www.ZHARAR.com