restkof
?>

2-тапсырма Мәтін мазмұны бойынша кестені толтыр

Казахский язык

Ответы

molchanovaelena284
Белгісіздік есімдігі
Затты, сындық белгіні, сан-мөлшерді белгісіз етіп жорамалдап, тұспалдап көрсету мәнін білдіретін есімдіктің түрі белгісіздік есімдігі деп аталады.
Мысалы: Бұлдайды біреу күшін, біреу түсін. (А). Адамның кейбір кездері Көңілде алан басылса (А). Бұл сөйлемдердегі біреу есімдігі белгісіз бір адам деген мағынада, кейбір есімдігі нақ мезгілді атамай белгісіз бір кездер мәнінде қолданылған. 
 
Белгісіздік есімдігіне біреу, кейбіреу, бірдеме, әрне, әлдекім, әлдене, әркім, кімде-кім, бір, қайсыбір, кейбір, қайсыбіреу, әр, әрбір, қайбір, бірнеше, әлденеше, біраз, әрқалай, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқашан, әлдеқайдан, әрқашан дегендер жатады. - See more at: http://megamozg.kz/index.php?page=view_mat&id=2396&partition=other&subpartition=articles_kazakh#stha...
muzeynizhn

Мұражай – әр елдің тарихын, салт –дәстүрін,мәдениетін танытатын құндылық.Мұражай бірнеше топқа бөлінеді: тарихи мұражай, көркемөнер мұражайы, жаратылыстану мұражайы, техникалық мұражай, кешенді мұражай, мемориалдық мұражай.

Әсіресе, қазіргі заманда жастардың қызығушылығы тарихи және көркемөнер мұражайларына бұрып тұр.

Астана қаласындағы маңызы бар мұражайларға шолу жасай кетсек:

1. Астана қаласының Қазіргі заман өнер мұражайы.

1980 жылғы 2 қазанда ашылған, отыз жылдан астам өнердің дамуына атсалысып келе жатқан мұражайдың жеке коллекциясында төрт мыңнан астам көркем шығарма жинақталған, жыл сайын мұражайға 70000 адам келеді, мыңнан астам іс-шара өткізіледі.

2. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұражайы.

Мұражай Президенттің қаулысымен 2004 жылғы 28 тамызда құрылған. Ол Президенттің Резиденциясы ғимаратында орналасқан. Мемлекет Басшысы жұмыс атқарған кезеңдегі жұмыс кабинеттері мен залдардың интерьері сол күйі өзгертілмей сақталған.

Келушілердің қызығушылығын бастапқы қалпын сақтап қалған мемлекет басшысының кабинеті оятады.Үстел үстіндегі жазба құралдары және белгілері бар блокнот, сөз сөйлеу тезистері мен құжаттар Президенттің күнделікті жұмыс күннің атмосферасын тудырады.

3. Атамекен мұражайы

Астана қаласындағы аспан астындағы мұражай. 2001 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Перзиденті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша ашылды. Онда Қазақстаннын барлық қалалары мен тарихи ескерткіштерінің кішірейтілген модельдері көрсетілген. 1,7 га алаңда(екі футбол алаңы)елді алақандағыдай көруге және оның сәулет-ландшафт тарихымен танысуға болады. Картада 14 облыс пен 2 республикалық маңызы бар қала-Астана мен Алматы орналасқан.

Жыл сайын жақын және алыс шет елдерден келген 10 мыңнан астам қонақ тамашалайды.

4. Сәкен Сейфуллин атындағы мұражайы

Қазақ халқының ең жарқын тұлғаларының бірі, ұлы ақын, жазушы, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылық жұмыстарын сақтай отырып, 1988 жылғы 21 ақпанында Астана қаласында өлкетану мұражайының бір бөлігі ретінде ашылған. Мұражай жанына ақыннын ескерткіші орнатылған.Тарихи архитектуралық ескерткіш саналғанымен,мұражайдың сыртқы көрінісі бүгінгі жаңа құрылыстар ансамбліне ұқсас келеді.Мұражайда 6000-ға жуық материалдар жинақталған.

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы

Мұражай 2014 жылдың 2 шілдесінде ашылды. Бұл елдегі ең үлкен мұражай болып келеді. Жер телімінің жалпы ауданы 9,9 гектар, ғимараттардың алаңы 74 мың шаршы метр, экспозицияның алаңы 14 095 шаршы метр, қорлар 8 000 шаршы метр.

7 залдан, 8 қабаттан тұратын мұражай яғни,Алтын зал, Қазіргі заманғы өнер залы, Этнография залы, Тәуелсіз Қазақстан залы, Астана залдардан тұрады. Әрқайсысында қайталанбас құнды экспозициялар жинақталған. Оған шетелдік қонақтар да жоғары баға беріп жатады. Ұлттық тарих мұражайы – Орта Азияда баламасы жоқ бірегей жобасы болып саналады.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

2-тапсырма Мәтін мазмұны бойынша кестені толтыр
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*