Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1. Берілген мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап беріңіз: - Хан тәңірі шыңы Қазақстанның қай өлкесінде орналасқан?- Қазақстан жеріндегі ең үлкен, танымал таулар туралы біршама деректерді білесіздер?2. Фильмнен қандай әсер алдыңыздар? Фильм не жайында? Өз ойларыңызды жинақтап, жинақы мәтін жазыңыздар 1. Внимательно прочтите текст и ответьте на вопросы: - В каком регионе Казахстана находится пик Хан-Тенгри? - Вы много знаете о самых больших и известных горах Казахстана? 2. Каковы были ваши впечатления от фильма? О чем фильм? Обобщите свои мысли и напишите краткий текст
Киіз үй бөліктеріне қатысы бар бата - тілектер:
Шаңырағың биік болсын!
Шаңырағың шайқалмасын!
Керегең кең болсын!
Түндігің түтінді болсын!
Қос босағаң берік болсын!
Ақ босағадан аттаған келін оң аяғымен енсін!
Ұлттық ұғымда киіз үй және оның әрбір құрамдас бөлшегі қасиетті деп саналады. Соған орай ата-бабаларымыз әрбір затқа лайық ұлықтау, теңеу, бейнелеу сияқты ойлы ұғымдармен бірге тәрбиелік мәні бар қағидалы, қанатты сөздер де шығарған. Ол қанатты сөздер шаңырақтан басталады. Шаңырақ – киелі мүлік. Атадан балаға мұра болып келе жатқан үйді қара шаңырақ деп құрметтейді. Қара шаңыраққа сәлем беру, одан дәм тату - ежелгі халық жоралғысы. Шаңырақ деген сөз «үй, отбасы» деген тұтас ұғымды да бейнелейді. Жаңа үйленгендерді «шаңырақ көтерді» дейді. «Шаңырағың биік болсын!» деген батаның ең үлкені саналады. Жалпы, жоғарыда аталып кеткен бата – тілектерді жас жұбайлар үйленіп, шаңырақ құрғанда айтады. Үйің кең, қонағың көп, берекелі үй бол деген мағыналы сөздер.