Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.
gallows-warlike-0z
24.04.2023
Тышқан мен жылан Бір тышқан тамақ аулап,ініне қайтып келсе,онда бір жылан жатыр екен.Тышқан мұнан жаман қорқып,қуып шығаруға батпай,ақыл сұрай,өзінің қайғысын айтқалы көршілеріне барады.Ақылды тышқандар жиылысып отырып,кеңесін айтыпты; -Сен ол інді тастап,өзге ін қазып ал.Жылан сенің ініңді тартып алғаны әділдік емес,бірақ оған қылар еш айла жоқ.Оған тиіп не қыласың?Мазасын ала берсең,өзіңді жеп қояды,оған ештеңе қыла алмайсың. Тышқан бишара қайғырса да үндемей қойыпты.Бірақ қалай кегін алуды ойлайды. Бір күні сейілдеп келе жатса,інінің аузында жыланның күн шуақта жылынып жатқанын көріпті. Жанында бір кісі ұйықтап жатыр екен.Тышқан барып оның мұрнын тістеп алып,жыланға қарай тұра қашыпты.Кісі оянып,тұра қуады.Қараса,алдында жатқан жыланды көреді.Тышқаннан мұның зияны көбірек болған соң,кісі жыланды өлтіруге алданып қалыпты да тышқанды қоя беріпті. Сөйтіп,кегі қайтқан тышқан өз ініне қайта келіп тұрыпты.
Менің туған жерім - егеменді Қазақстан шығарма