oknacrow
?>

ЖАЗЫЛЫМ 8-тапсырма.Берілген сөздерді жекеше түрде тәуелдеп жаз: бата, тәрбиқол.Үлгі:Жекеше1-жақ Менің 2-жақ СеніңСіздің 3-жақ Оның ​

Казахский язык

Ответы

egorstebenev6

1-жақ: менің батам, тəрбием

2-жақ: сенің батан, тəрбиен

сіздің батаныз, тəрбиеңіз

3-жақ:оның батасы, тəрбиесі

Shevchenko


Аяғын үзеңгіге салып, арғымақты жалынан ұстап өмір жолындағы өз соқпағын таңдауға тәуекел еткен, айналайын талапкерлер, егер сендер журналистика әлемінің табалдырығынан аттап, есігінен енеміз десеңдер, бұл кәсіптің түбіне дейін терең бойлап, орта жолдан кері қайырылмайтындай арғы-бергісін таразыға тартқандай салмақпен ойлап барып шешім қабылдағандарың дұрыс.

Рас, алғашында журналистика адамды магнит тәрізді өзіне тартып алады. Газет-журналдарда жарық көрген мақала соңындағы аты-жөнің, радио эфиріндегі сөйлеген сөзің, яғни, әдеттен тыс ерекше естілген үнің, көгілдір экрандағы көрерменмен бетпе-бет келетін болмыс-бітімің – бәрі де талапкер үшін таңғажайып тартымды құбылыстар. Тіпті, арманыңа жол ашатын табыс кілті десе де болғандай. Бірақ, журналистика тек осынау жүрек тебірентер жағымды өмірлік құбылыстардан ғана тұрмайтынын, оның одан да өзге егжей–тегжейі мен қыр-сыры, күнгейі мен теріскейі, жотасы мен белесі, асуы мен асқары бар екенін ескерген абзал. Ал тек қана жігерлендіретін, қайратыңа қайрат қосып, қиялыңа қанат бітіретін кілең жағымды құбылыстар журналистиканың төл табиғатын, бар болмысын түгел қамти алмайды.

Себебі, журналистің бармайтын жері, баспайтын тауы, ашпайтын есігі, кірмейтін тесігі қалмайды. Журналист өмірдің ғажабын да, азабын да, қоғамның жақсылығын да, жамандығын да жазады. Қажет болса (егер кейіпкері түрмеде болса түрмеге, жындыханада болса жындыханаға, т.с.с) өртке де араласады, сотқа да кіріседі, ұрыс-шатаққа, қылмыстық оқиғаларға да, саяси шараларға да, өлім-жітімге де араласады (тіпті, өз шындығын қорғау үшін соттасуы да мүмкін, репортаж жүргізу үшін соғысқа баруы да ықтимал, керек болса өлімге де бас тігеді). Өйткені журналист бал арасына ұқсап, өзіне қажет ақпаратты жер-көкті кезіп, шартарапты шарлап, тірнектеп, теріп жүріп жинайды. Сол ізденістің барысында небір керемет ләззат алатын таңғажайып тамаша сәттерді, сонымен қатар, адам айтса сенгісіз сұмдық оқиғаларды, қилы-қилы күрделі процесстерді бастан кешіреді. Қызмет бабындағы кәсіби бәсеке – өз алдына бөлек дүние. Өздерің білесіңдер, басқа сала өкілдерін былай қойғанда экранда да эфирде де «жұлдыздардың» микрофонға жармасып, жүргізушілікке таласатыны – факт. Сонымен, БАҚ мінберіне барар жолдағы белестер жайлы кеңестер:

1. Тек қана шындықты айт; 2. Алған бетіңнен қайтпа, түбіне жетпей тынба, қысқасы – «қадалған жеріңен қан ал»; 3. Әдептілік әлемді бағындырады, әрдайым әдепті бол; 4. Батыл бол, қорықпа! (Аққа құдай жақ); 5. Мақтау естісең де, сынға ұшырасаң да кітапқа жүгін (ең сенімді дос сол); 6. Кез келген ақпаратты жария етпес бұрын тексеріп ал («Басқа бәле-тілден»); 7. «Ой қайталама, сөз қайталама» (Профессор Омашевтың теориясынан), т.с.с. толып жатқан толғамдар бар, қалғандарымен оқуға түскен соң дәріс кезінде танысасыңдар.

Сонымен, «Ата алмасам, маған-серт, атылмасаң саған-серт» деп аңшының мылтығымен серттескеніндей қазақ журналистика қарашаңырағының табалдырығынан аттамас бұрын бұл киелі кәсіпті басы бүтін таңдап, біржолата және түбегейлі шешім қабылдағаннан кейін есіктен ене бер. Ал «нар тәуекел» деп басынан сөз асырмаған бабалар жолын таңдап, босағадан аттаған екенсіңдер, демек, ұлттық журналистиканың қамын күйттейтін, шындық үшін шырқырайтын, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, ақпарат үшін ішкен асын жерге қоятын алған бетінен қайтпайтын, шындықтан басқаны айтпайтын радио мен телевизияның эфиріндегі қайтпас қарагер, басылымдар мен интернет сайттарындағы мәселені тарқатса түйінін шешіп айтатын, керек жерін дөп басып, кесіп айтатын көсем, шешен журналист болатындарыңа сене бер!
irnik65
Сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөздерді қос сөз деп атайды.
мысалы: Жан-жануар,адамзат анталаса,Ата-анадай елжірер күннің көзі.Бұл сөйлемде жан-жануар,ата-анадай дегендер-қос сөздер.
Есептік сан есім-нақты санды білдіреді.Сұрағы; қанша? неше?
Түбір сан есімнің өзінен болады.Мысалы; бес,он екі,жиырма үш т,б.
Реттік сан есім заттың реттік қатарын білдіреді. 
Сұрағы;нешінші? Сан есімге -ыншы,-інші,-ншы,-нші жұрнағы арқылы жасалады.
Жинақтық сан есім жинақталған санды білдіреді.Сұрағы нешеу? Бірден жетіге дейінгі есептік сан есімге -ау-еу жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.
Болжалдық сан есім заттың санын болжап көрсетеді.Сұрағы:қанша? неше?қай шамалы?
Бөлшектік сан есім заттың бөлшектік санын білдіреді .  Мысалы екіден бірекі жарым. Сұрағы: қанша? неше?

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

ЖАЗЫЛЫМ 8-тапсырма.Берілген сөздерді жекеше түрде тәуелдеп жаз: бата, тәрбиқол.Үлгі:Жекеше1-жақ Менің 2-жақ СеніңСіздің 3-жақ Оның ​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Dimston134877
marim1994361
rmitin
gameover98
Adno1578
Zebra198383
Владимирович_Слабый
metrikajulia
dimanov
many858
vikanikita
TrubnikovKlimenok926
rezh2009766
Михайловна991
Ерцкин_Овечкина391
если не лнет, сделайпе весь!​