Болашақта менің психолог болғым келеді. Өйткені ол адамдарға қиын жағдайларында дұрыс бағытын көрсетеді. Адамның жан-дүниесін зерттеп, құтқарады. Мен бұл мамандықты неге таңдадым десеңіз,өмірге еш өшпенділіксіз,қорқынышсыз қарауды адамдардың санасына жеткізуге тырысамын.Өмірдегі қиын жағдайларында оларды алға ұмтылдыру,алда ғажайып нәрселердің бар екендігін сендіру. Өмірде көптеген адамдар қиналып,тығырықтан шығар жол таппай жүргендерін талай кездестірдім. Оларға үміт керек екенін түсіндім.
Күні бойы көптеген адамдардың басынан өткергендерін,олардың қиындықтарын,қуаныштарын тыңдап,оларға ақыл кеңес бере отырып,қолдау көрсету керек екендігін білемін. Маған адамдарды тыңдауға әсіресе ұнайды. Кейде адамның ең қиын жағдайы - жалғыздық. Олар өз сезімдерін кімге айтарын білмейді. өзін босқа кінәлай бермей,сондай адамдарға көмектесемін деп ойлаймын. Менің ойымша, психологтар - құтқарушылар. Сол құтқарушылардың бірі мен боламын деп армандаймын.
Өмір - күрес
Мына жалған адамзатты адастырмай қоймайды. Әрине, Алла Адамұлын жерге сынақ үшін түсірді. Енді осы сынақта қаншама жан өзінің болмысын ұмытып, адамгершілікке сай келмейтін істерді жасауда. Бәлкім, мен де солай болып отырған шығармын, ақиқаты Аллаға аян. Бірақ мына заманда инабат пен Алладан қорқу деген сезімі жоқ қоғамды қоғам деп айта алмаймыз. Мемлекет өзінің азаматтарын қорғай алмаса, несіне мемлекет болып аталады. Ал біздің мемлекет өз азаматтарының осы дүниесін қарық қылмай жатып, арғы дүниесінде Алламен қауыштырар амалдарына тосқауыл қойып жатыр. Сонда, біздің жалғанымыз да сорлы, бақи өмірімізде сорлы күйге енбек. Менен Алла мен мемлекет арасында таңдау жасаса, мен әлбетте Алланы таңдар едім. Соған ғана үміт етіп өмір сүріп жатқан соң, мен одан бас тарта алмаймын, шапса да, атса да! Енді мемлекет өз азаматарын осындай таңдау жасайтын заңды неге қабылдады деген ой келеді? Салихалы ел болу үшін салихалы заң керек. Ал мына заңды салихалы деп айта алмаймын. Кеңес кезінде “намаз оқылма” деген заң болмаған, менің біліуімше. Ал мынау заң Кеңес дәуірінен де қатал талап шығарды. Сонда біздің зайырлылығымыз қайда, демократиялы ел болғанымыз қайда? Жұмыс уақытында орындау болмайды депті. 24 сағаттың ішінде 5 уақыт тек ислам дінінде ғана құлшылық қарастырылған. Ал қалған діндерде құлшылық деп ауыз толтырар құлышылық та жоқ қой. Мейлі мен мұсылман болмағанның өзінде исламнан өзге діндерде құлшылық қылатын күндерін демалыс жариялаған, христиандар жексенбіні, яхудилер сенбіні. Ал біздің мемлекет діни демалыс бермек былай тұрсын, күніміздегі құлшылығымызға тосқауыл қойып жатыр. Мұның бәріне жауап берілетін, жауапқа тартылатын нәрселер болғандықтан елбасы мен сенаттағы отырған көкелер мына заңды қайта қарауы қажет. Сосын мұсылмандығымызға зиян тимейтін заң жасап шығаруы тиіс. Мен христиан дініндегілерге еш қарсы емеспін. Олар да а Олар да жексенбіде құлшылық қылуына еш өкпем жоқ. Мына заңда обал болатын тұс бес уақыт намазхандарға. Олар енді еш қорықпай намаздарын тәрік қыла берсін, оны мемлекеті мәжбүрлеп тұр ғой. Бақида сұрақ берсе, осы заңды қабылдағандарды нұсқайтын болады да. Соған мәжбүрлеткен, парламенттегі көкелер ғой. Амал нешік, Аллаһ қайырын берсін! Біздің жағдайымызды жақсы жаққа қарай өзгертсін деп дұға қылғаннан басқа амал жоқ.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Сөздерді мағынасына қарай cәйкестендір
1-А
2-В
3-Б
Объяснение:
ӨКІНІШ(БЕЛГІЛІ БІР СӘТТЕ...)
ҚАЖЕТТІЛІК(КЕРЕК,ҚАЖЕТ...)
МӘЛІМ(БІЛУ,БЕЛГІЛІ)
ЛАЙК ҚОЙЫП ҚОЙЫҢДАРШЫ ӨТІНЕМІН