Астана - арман қала.
Астана – тәуелсіз еліміздің бас қаласы, отанымыздың жүрегі, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Арқаның төрінде сылдырап аққан Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз жас та болса, болашағынан зор үміт күттіретін қала.
Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі. Астана – Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда.
Астана күн өткен сайын қарыштап дамып келеді. Бүгінде бүкіл әлем тамсанып, болашақтың қақпасы деп көз тігіп отыр. Шетелдіктер қызыға қарап, еліміздің беталысын жіті бақылап отыр. Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесінің де Астанада өтуі тегіннен-тегін емес. Ол Елорданың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқанын, мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын және даму келешегінің кемелдігін айғақтайды.
Мен өз болашағымды елімнің бас қаласы Астанамен байланыстырамын. Осы жерде орналасқан іргелі оқу орындарының бірі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім алғым келеді.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Қалашылар, қалашылар келеді! Түсіндірме сөздікАнау Абай, Абай ғой, айналайын-ай! Апа-сына айтайыншы, - деді бір қартаң әйел.Кемсеңдеу - жы-Бәсе, Телғара ғой... жаным-ау, мынау...ламсырау.Телғара! Әпкеме айтайыншы, деп, тағы бір жасәйел, жеңге де үлкен үйге қарай ұмтылысқан.Сағынған баласының келер мөлшерін Байтас кеткеннен берішешесі Ұлжан да есептеп, осы бүгінге ұйғарып жүр еді......Кезек өз шешесіне келгенде, ол сүйген жоқ. Қатты бір қысып, бауырына басып тұрды да, маңдайынан иіскеді. Абайдың өкесіндегітартымды салқындық шешесіне де көптен бергі мінез болған. Балаосыдан арғыны күтпеуші еді. Бірақ бауырына басқанның өзінде деАбайдың жүрегін қатты-қатты соқтырған аса бір өзгеше жақындықбілінеді. Ана құшағы!.. Ұлжан көп ұстаған жоқ.Әжеңе бар, әнеки! деп, үлкен үйдің алдына қарай бұрыпжіберді. Көрі әжесі Зере бәйбіше таяғына сүйеніп, ұрсып тұр екен.Жаман неме, маған бұрын келмей, әкеңе кеттің-ау! Жаманнеме! – дей беріп, қасына, құшағына немересі барғанда, «жаманнеменің» артынан лезде: Қарашығым, қоңыр қозым... Абай жа-деп кемсеңдеп, жылауға айналып кетті...М.Әуезов. «Абай жолы»ным...
Объяснение:
Абай
Телғара
Ұлжан
Қуанышты
Қарашығым қоныр қозым