"Уақыт алтыннан да қымбат" тақырыбына эссе
25.01.2018 09:08
Уақыт алтыннан да қымбат тақырыбында жазылған эссе, бұл эсседе уақыттың алтыннан қымбат екені туралы айтылған. Уақытты бағалап, уақытты бостан босқа өткізбеу туралы.
Просмотр содержимого документа
«"Уақыт алтыннан да қымбат" тақырыбына эссе»
«Сарыкөл ауданы әкімдігі білім бөлімінің
Урицкий мектеп – лицейі»
Эссе
«Уақыт алтыннан да қымбат»
Орындаған : Кравченко Дарья
7 - сынып оқушысы
Пән оқытушы мұғалім:
Атаева Ақмарал Бүркітқызы
2017 оқу жылы
Уақыт алтыннан да қымбат
«Уақыт бізге берілген үлкен сый. Бізді ақылдылыққа, талаптылыққа, жігерлілікке үйрететін басты ұстазымыз – осы».
Томас Манн
Адам өз уақытың үнемдей білуі керек. Уақыт босқа өтуі -үлкен шығын.. Мұны дәлелдеуге қажеті жоқ. Пайда келетін іспен шұғылдануға ойластырған дұрыс. Бір қарағанда, ондай пайдалы іспен айналысу оңай сияқты. Бірақ олай емес. Себебі күн тәртібін жоспарлап үйрену қажет. Ол қасиетті жас кезіңнен қалыптастыру керек. Әрбір минутыңды үнемдеп, пайдалы жұмсауға дағдылан. Сонда ғана табысқа қол жеткізіп, өз қабілет-күшіңнен толық жұмсай аласың.
Адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады. Өзіне-өзі бағыт белгілейді. Дүниедегі ең жаман дерт-еріншектікті жеңеді. Өзін нағыз адам етіп тәрбиелеп шығады. Бүгінде іскерлер әлемін басқаратын ұлы мәртебелі уақыт.
Адамның әрбір күні, әрбір сағаты мақсатсыз өтпеуі керек. Өмірдегі әрбір уақытын, өз бойындағы қайрат-жігерін, ақыл-ойын өмірге, өзі өмір сүріп отырған қоғамға жұмсап, қалтықсыз еңбек етуге, сөйтіп өзі үшін де өзгелер үшін де игіліктер жасауға жұмсауы керек. Уақыт бізбен санаспайды, тез өтіп кетеді. Сондықтан өмірдің әрбір сәтін бір күндік қызықтармен ғана қор қылмай, өмірдің ізсіз, мазмұнсыз болмауын қадағалау керек. Қазіргі жастық шақ – адамның өмірінің қайратты да, мүмкіндігі мол тамаша шағы. Оны жылдың көктем мезгілімен салыстыруға болады. «Көктемнің бір күні - жылға азық», - дейді халық. Ендеше жастықтың бір күні - сенің бүкіл өміріңе азық деуге болады. Уақыт бар ғой деп бүгінгі ісіңді ертеңге қалдырма.Уақыт зымырап өтіп жатыр. Ол ешқашан тоқтап тұрмақ емес. Бір данышпанның мынандай бір қанатты сөзі бар: «Кешегі күн өтіп кетті. Ертеңгі күн белгісіз. Сондықтан бүгінгі күннің құны мен қадірін біл». Расында да, біз өтіп жатқан уақыттың құнын біле бермейміз. Уақыт - а берілген өткінші бағалы зат. Уақыт қайта айналып келмейді. Халқымыз уақытты дүниедегі ең қымбат нәрсе болғандықтан да алтынға теңеді.Алтының әзірше өзіңде. Оған басқалар көз салмасын десең, дұрыстап сақта. Уақытты көбінесе жаман әдеттер мен қылықтар құртады. Барлық нәрсе уақытты тиімді пайдалана білуге байланысты. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Уақытты меңгере алмаған адам жетістікке жете алмайды. Уақыттың қадірін білу керек. Әрбір жылдың, айдың, аптаның, бір күннің, бір сағаттың, бір минуттың, бір секундтың өзіндік құны бар. Осыны түсіне білуіміз керек. Бос уақыттарымды пайдалы жұмсауға тырысамын.
Абайдың он бесінші қара сөзі:... Егер есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса, жұмасында бір, ең болмаса, айында бір өзіңнен есеп ал...
Уақыт алтыннан қымбат Адам үшін ең қымбат нәрсе-уақыт.Ол алтыннан да қымбат.Уақыт-әркімнің нақтылы өмірлік байлығы.Адамның құр босқа кеткен уақытын кері қайтару мүмкін емес. Кісінің іскерлігі уақытты босқа жібермеуден басталады.Кім уақытын бағалай білсе,сол ғана биіктерге жетеді.Саналы адам уақыттың өмірді жасайтын негізгі құрал екенін жақсы түсінеміз.Адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады.Өзіне-өзі бағыт белгілейді Ісіңнің өрге басуы өзіңе ғана байланысты.Өз уақытын пайдалана білген адам бір Істі жоспарлауға үйренеді.Уақыттың ысырап болуы –шығын. Үнемі кешігіп жүретін жалқау адамға іскерлік әлемінде орын жоқ.
Сондықтан, менің ойымша, уақыттың бағасын білу керек. Өз уақытымызды бағаласақ, қойылған мақсатымызға жетеміз!
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Стр 18 4- тапсырма. ( прочитать текст, отвечать на вопросы) вопрос+ ответ=диалог. 1. Мұхтар Әуезов кім?2. Мұхтар Әуезов қай жерде туған?3. Мұхтарды кімдер тәрбиелеген?4. Мұхтар неше жасынан Абайдың өлеңдерін жаттап өсті?5. Жазушының ең үлкен еңбегі не?
Адамдар үшін жаңартылатын ресурстарды іздеу өте маңызды. Баламалы энергия көздерін пайдаланудың басты себебі мұнай, газ және мұнай өнімдерінің жануынан пайда болатын парниктік газдар мен улы заттардың шығарындыларын азайту болып табылады. Біздің планета және оның тұрғындары өздерінің әрекеттерін бұрыннан сезініп келді. Адамдар жаңартылмайтын немесе жаңартылатын еңбек ресурстарын жылыту, жарықтандыру, тасымалдау және тамақтану үшін еркін пайдаланады. Бұл әрекеттер ғаламшардағы нәзік экологиялық тепе-теңдікті бұзды.
На руском
Для человечества очень важно искать новые возобновляемые ресурсы. Первоначальной причиной использования альтернативных источников энергии является уменьшение выброса парниковых газов и ядовитых веществ, образующихся при сгорании нефти, газа и нефтепродуктов. Наша планета и его жители ощущают их действие уже давно. Человечество беспощадно использует невозобновляемые или трудновозобновляемые ресурсы, чтобы себя обогреть, осветить, перевезти на транспорте, накормить. Эти действия нарушают хрупкий экологический баланс на планете.