Дружинин
?>

Отметьте 2 утверждения, соответствующие первому тексту. Количество правильных ответов: 2 Он признает, что состояние шаманов прекрасное. Целители развлекают людей. Представители народной медицины. Шаманы и муллы обманывают страну и создают иллюзии.

Казахский язык

Ответы

Yevsyukov1697

Тәуекел хан (1582-1598 жж.) билік басына келген кездегі қазақ хандығының сыртқы жағдайы өте ауыр еді. Бір жағынан, бұған дейін одақтас болып келген Бұхар ханы Абдаллах хан қазақтарға қарсы шықса, екінші жағынан, шығыста моғолдар мен жоңғарлар қазақ жеріне ұдайы қауіп төндіріп отырды. Соған қарамастан, жастайынан әскери іске жетік, көреген саясаткер Тәуекел қазақ хандығын нығайтып қана қоймай, қазақ жерлерінің аумағын кеңейте білді.

Тәуекел хан тұсында Ресей мемлекеті мен Қазақ хандығы арасындағы дипломатиялық қатынас күшейе түсті. Ресейдің мұндағы мақсаты- Қазақ хандығымен одақтасып, Сібір ханы Көшімге қарсы күресу, осы одақты пайдаланып, Орта Азия хандарымен келіссөз жүргізу еді.

Тәуекел хан Орта Азияның сауда орталықтарына шығу үшін белсенді күрес жүргізді. Ол Сырдария қалалары үшін күресті жандандырды. 1583 жылы Тәуекел Бұхар ханы Абдаллахпен жасасқан «ант беріскен шартты» бұзды. Оған себеп- Абдаллах ханның Ташкент билеушісі Баба сұлтанды өлтіріп, кезінде оған көмек көрсеткен қазақ сұлтандарын жазалау шаралары болды. Дегенмен Тәуекел ханның 1586 ж. Орта Азиядағы Шайбан әулетіне қарсы жорығы сәтсіз аяқталды.

Тәуекел тұсындағы айтулы оқиғаның бірі- 1594 жылы Мәскеуге Құл-Мұхаммед бастаған тұңғыш қазақ елшілігінің жіберілуі болды. Елшіліктің мақсаты- Тәуекел ханның тұтқындағы жиені Ораз Мұхаммедті елге қайтару және өзбек ханы Абдаллахқа қарсы күресте Мәскеудің қолдауын сұрау. Орыс мемлекеті де өз жағынан шарттар қойды. Олар мынадай еді: 1.Тәуекел Ораз Мұхаммедтің орнына өз ұлы Үсейнді аманатқа жіберуі тиіс; 2. Патша бұйрығымен Көшімге қарсы соғысу міндеті. Бірақ, екі жақтың да шарттары орындалған жоқ. Ораз Мұхаммед кейін сонда қайтыс болды. Кейін Құл Мұхаммед елшілігіне жауап ретінде 1595 жылы Мәскеуден тілмаш Вельямин Степанов қазақ хандығына жіберілді. Қазақ- орыс қарым- қатынастарының дамуы керуен саудасының одан әрі дамуына мүмкіндік берді.

Осы кезде Көшім хан билеген Сібір хандығы да жойылды. Ресейден Сібірге аттанған Ермак жасағы 1582 жылы Көшімнің жасағын жеңіліске ұшыратты. 1598 жылы Көшім ханның Орта Азияға бас сауғалауымен, Сібір хандығы жойылды.

yfetyukov2

ответ:сәлем сәттілік

Объяснение:

Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы. Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілі қасиетті Қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. Ана тілі – бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізден, әжеміз бен атамыздан біле бастаймыз. Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңеді. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез келген мемлекет өзінің аумағында салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды. Еліміз Қазақстан Республикасы егемен ел атанды. Ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды. Президентіміздің 2003 жылғы 15 қарашадағы жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің күні ретінде атап өтілетін болды. Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді. Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз. Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Отметьте 2 утверждения, соответствующие первому тексту. Количество правильных ответов: 2 Он признает, что состояние шаманов прекрасное. Целители развлекают людей. Представители народной медицины. Шаманы и муллы обманывают страну и создают иллюзии.
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Vitalevna1186
movlam11
fruktovahere
SaraevaTretyakov1941
msangelika1010
farmprofi
Эвелина
nikolotovas
Stasyadoma
aobuhta4
red-sun2
Svetlana ALLA
sochi-expert
Михайловна991
Antonov-Elena