БашуроваОльга369
?>

10-тапсырма. Шығу парағы бойынша төмендегі сұрақтарға жауап жаз. 1. Бүгін не үйрендің? 2. Сабақ бойынша қандай сұрақтарың бар? 3. Нәтиже сабақта қандай тапсырмаларды орындағың келеді?

Казахский язык

Ответы

gallush9

Достықты сақтаудың жолдары.

Дос адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді. Ал достық дегеніміз - адамды ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, кайғыны азайтатын қарым-қатынас түрі. Өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сақтай білу өте маңызды. Себебі әрқайсымыз достыққа мұқтажбыз, ол ешқашан көптік етпейді.

Нағыз, адал дос өмірде орын алатын түрлі сәтсіздіктерге мойымай, басқа түскен ауыртпалықтарды бірге көтеруге жәрдемдесіп, қуаныш пен шаттық күндерді бөліседі.

Менің ең жақын досымның есімі – Аружан. Екеуміз ата – аналарымыз арқылы танысқан болатынбыз – біздің аналарымыз мектептен бері жақын құрбылар. Енді міне сол достықтары бүгінгі күнге шейін ұласып, өз балаларында жалғасын тапты. Біздің достығымыздың өзі он жылға жуық жалғасып келеді, Аружан екеуміз осы уақытқа дейін еш ренжісіп көрмеппіз, себебі менің құрбымның мінезі сабырлы, байсалды, бәрін ақылмен шешуге тырысады, ашуға жол бермейді. Бірақ бір ренжіген соң қатты ренжиді. Сондықтан мен оның көңілін қалдырмауға тырысамын.

Яғни, достықты сақтау үшін мен, ең алдымен, досымның көңілің қалдырмауға тырысамын. Сонымен қатар, достықты сақтау үшін адал болу маңызды деп ойлаймын, себебі, менің ойымша, шын достардың арасында ешқандай құпия мен сыр, өтірік пен өсек болмау керек. Және тағы бір маңызды шарт – достар арасында өзара сыйластықтың болуы. Өмірде адал дос табу қиын болғандықтан, достық қарым – қатынасты сақтап, бағалай білу керек!

svo1961

Сөздердің лексикалық мағыналары:

Алтын күрек – оңтүстіктен үзбей соғып,қыстың соңғы қарын күрт ерітетін жылы жел.Ал алтын күрек әлемі деген – сол желдің әлемі,мекені болса керек.

Таңсәрі – жерге жарық түсе бастаған кез.

Ел орынға отырған кез – кешкі мезгіл.

Сүт пісірім – халықтық өлшем, ширек сағат шамасы,шамамен 15 минут.

Көз байланған кез – кешкілік ымырт.

Ала көлеңке – қырғыз тілінде көктемнің ерте кезін айтады.

Бесін – түс ауып,күн ұясына отырғанға дейінгі уақыт, мезгіл. 

Мәтін

Мезгіл атаулары.

Қазақ халқы ертеден мезгілдердің,уақытты,шаманы қазіргідей сағат уақытымен немесе тағы да басқаша атамаған.Олар мезгілді белгілі бір құбылысқа теңеген.Өздерінің шаруашылығына, тұрмыс-тіршілігіне,көрген,білгендерімен байланыстырып атаған.Мысалы,алтын күрек,таң сәріде,бесінде,ел орынға отырғанда,көз байланған кез,ала көлеңкеде,сүт пісірім уақыт,ат шаптыры жер және тағы да басқа.Олардың өзіндік мағыналары бар.Қазақта желдің түрлерін әрқалай атаған.Алтын күрек сондай жел атауының бірі, яғни,қыстың соңғы қарын ерітетен,оңтүстіктен соғатын жел.Ал сүт пісірім уақыт сағат тілімен он бес минутты білдіреді екен.Осындай қарапайым уақытты білдіретінін сөз тіркестерінің өзінен дана халқымыздың гуманистік ойларын,шешендігін байқаймыз.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

10-тапсырма. Шығу парағы бойынша төмендегі сұрақтарға жауап жаз. 1. Бүгін не үйрендің? 2. Сабақ бойынша қандай сұрақтарың бар? 3. Нәтиже сабақта қандай тапсырмаларды орындағың келеді?
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

palchiknr
Valerii276
flerbuket332
Лифанов_Ольга
ellyb106786
cholga69
Картузов-Алексей1252
Yurevich1291
vfilina
market-line5260
megapolisgroup
ilyxa08
Васенкова204
Sergei248
tcmir