ответ:Қуануға, қорқуға, ренжуге байланысты көңіл - күй одағайларымен диалогтар
1. Қуануға байланысты диалог
- Алақай, анашым!
- Балам - ау, тыныштық па, не боп қалды?
- Мені құттықтап қойсаңыз болады!
- Құттықтаймын, жаным! Олимпиада қорытындылары шыққан болар?
- Ия, анашым, дәл таптыңыз. Олимпиаданың екінші кезеңі бойынша мен бірінші орынды иемденіп, енді облыстық жарысқа қатысатын боламын!
- Бәрекелді, жарайсың, құлыным! Сен үшін өте қуаныштымын!
- Алақай...! Алақай...!
2. Қорқу тақырыбына диалог
- Астапыралла! Онысы несі? Тіл-көзден сау болғай, жас адам...
- Кім туралы айтып жатсыздар, апа?
- Көрші үйдің баласы жайлы...
- Қандай жағдай, не болды?
- Жоқ жерде құлап, тура тойдың алдында аяғын сындырып алыпты...
- Сұмдық - ай, обал болған екен. Тез жазылып кетсін...
3. Ренжуге байланысты диалог
- Түу... Мына шамның сөніп қалғаны - ай!
- Не боп қалды, Әсетжан?
- Ертеңгі сабаққа қажетті реферат басып отыр едім, шам сөніп қалды...
- Ойпырмай, еңбегіңнің бәрі далаға кетті ғой.
- Ия, соған ішім ашып тұр. Енді басынан бастап қайта теру керек болады.
- Жарайды, балам, оған бола ренжіме.
Объяснение: жол правильно
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мәтіннен деректі, дерексіз зат, есімдерді, көптік мәнді есімдері тауып, кестені толтыр. Деректі зат есімДерексіз зат есімКөптік мәнді есімдер
«Наурыз мерекесі Нұх пайғам-бардан Қалған» деген аңыз бар. Пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауының басына тоқтаған. Кемеде аман қалған тіршілік иелерінің жаңа өмірі осы күн мен түн теңелген
Ұлыстың ұлы күні басталады. Аман қалған адамдар кемеде қалған жеті дәннен көже
жасапты. Айналаны балшықтан тазартып, бұлақтардың көзін ашыпты.
«Наурыз» сөзі көп ғалымдардың айтуынша, парсы тілінен аударғанда "жана күн" , "жана жыл" деген мағынаны білдіреді деп жүрміз. Бұл — ойға толық қонады. Байырғы қазақтар
көктемнің осы айын «уыз айы» деп атаған.
Объяснение:
В тексте все есть.