nmakarchuk
?>

Қорқыттың нақыл сөздерін негізге ала отырып, диалогтік сұрақ-жауап құрыңдар

Казахский язык

Ответы

AnastasiyaSkripin1283
Қазақ әдебиеті  — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады.Халық фольклоры мен поэзиясының  негiзi сол тайпалар шығарған ертегi, аңыз, мақал-мәтелдерде жатыр. Батырлардың отаншылдық сезiмi, туған халқының азаттығы жолындағы күрестерiн жырға қосқан батырлық эпостар («Қобыланды батыр», «Алпамыс», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», т.б.), халық арасына кең тарап, сүйiктi шығармасына айналған, жастардың адал махаббаты, алмағайып тағдыры жырланған лиро-эпикалық дастандар («Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Қыз Жiбек», т.б.) қазiргi қазақ әдебиетінiң өз алдына мол мұрасы болып саналады
Nadirovich1317
 Бала тәрбиесі отбасынан басталады.
 
Баланың жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.Жеке баланың  бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы –бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала.  Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.
Отбасы –  баланың  тірегі ғана емес,  қоғамның да басты негізі.        
Ата-аналары балаларын өнегелі сөзімен,жеке басының тәрбиесімен тәрбиелейді. Бала әр нәрсеге сенгіш, тез қабылдағыш,еліктегіш келеді.Әр бала сипағанды, жылы сөйлегенді,аяғанды,еркелеткенді,ертегі әңгіме тыңдағанды, ойын ойнағанды ұнатады.Бұл-баланың бойындағы үлкендерден ерекшеленіп тұратын негізгі қасиет. Бұл қасиеттер тек балаға ғана тән.Өйткені бала сезімі пәк.
Отанға және айналадағы қоршаған табиғатқа деген махаббат, адамдарға  және еңбекке деген құрмет  баланың кішкентай кезінен отбасында және балабақшада қаланады.Сондықтан отбасындағы, балабақшадағы және айналадағылармен қарым-қатынас жасаудың дұрыстығы өте маңызды.            

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Қорқыттың нақыл сөздерін негізге ала отырып, диалогтік сұрақ-жауап құрыңдар
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

ylia89
andreokiseleo69421
Yelena-Svetlana
avon-central
Шиловский126
Alenachernika9111
Chervonnaya-Aleksei
Kazantsevv_kostya
Тинчурина1528
asl09777
Kubataeva Nikolaevich1389
РостиславовичЮлия1147
cashuta
bulin2001
set907