Albina
?>

"Қалың елім, қазағым, қайран жұртым" өлеңін талдап, сол кезеңдегі қазақ қоғамының жай-күйін түсіндіріңдер​ 250-300 сөз

Казахский язык

Ответы

lorsam36
Еңбек — адамға өзінің тұтынушылығын қамтамасыз етуге қажетті бүкіл заттар жиынтығын жасайтын адам әрекетінің негізгі формасы. Еңбек адамның өзінің қалыптасуында, оның сана, сөйлеу тәрізді қатынасқа қабілетті ететін қасиеттерін қалыптастыратын шешуші күш. Адам еңбек арқылы табиғатқа әсер етеді. Еңбектің техникалық жарақтану дәрежесі, оның дағдысын, әдетін, еңбек сүйгіштікті қалыптастыру жеке тұлғаның дамуында ерекше маңызды. Еңбектің әлеуметтік сипаты, оның тарихи даму сатылары еңбек процесінде адамдар арасында орнығатын және еңбек өнімдері мен түрлерін таратуға әсер ете отырып, қоғамдағы әлеуметтік қатынастар жүйесінің негізі болып табылатын өндірістік қатынастар ерекшелігіне байланысты. Адам экологиясы үшін еңбек әрекетіне талдау жасау және әрқилы табиғат және әлеуметтік-экономикалық жағдайлардағы оның әр түрлерінің ерекшеліктерін білудің тұрғындардың өмір сүру жағдайын бағалауда маңызы зор, өйткені еңбек демалыс және түрмыспен катар адамның өмір сүруіндегі негізгі элемент болып есептеледі.
testovich1012

Биыл тұңғыш рет республика көлемінде тойланғалы отырған мереке - «Домбыра күні». Асыл мұрамыз, ұлттық байлығымыз болып саналатын бұл көне аспаптың қазақ халқы үшін алар орны ерекше. Осы орайда, бүкіл қазақ елі атаулы мерекені кең көлемде атап өтуді жоспарлап отыр. Бүгінде ұлттық қазынамызды насихаттауда елеулі іс өңірімізде де атқарылып жатыр. Игі бастамаға өңірлік тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері де өз тараптарынан елеулі үлестерін қосуда. Жәдігерлер жайында толыққанды мәлімет беруде.

Халық арасына кең тараған қазақтың ежелден келе жатқан аспаптарының бірі-шекті домбыра. Домбыра - ата-бабамыз қалдырған ақ жолды аманаты. Ұлттық кодымыздың  айшықты бөлігі болып саналатын бұл көне аспаптың қайта жаңғыруына рухани жаңғыру бағдарламасы үлкен серпін берді. Бұдан былай, жыл сайын барша қазақ елі домбыра күнін атап өтетін болды. Бұл, әрине әрбір қазақстандық үшін мерейлі күн болмақ. Бүгінде мұражай қызметкерлері атаулы мерекеге орай сан-алуан шараларды ұйымдастырып, ұлттық аспап жайында қызықты әрі пайдалы мағұлматтар беруде.  

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында белгілі, белді тұлғалардың да аспаптары сақталған. Солардың бірі әрі бірегейі қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі, халық батыры Амангелді Иманов. Торғай жерінің тарланының домбырасы бүгінгі таңда барша қостанайлықтар мен қала қонақтарының назарына ұсынылып отыр.

Ұлттық өнердің, соның ішінде рухани мұрамыз саналатын-домбыраның кең көлемде насихатталуына, тарихымыздағы орнын жоғалтпауына бей-жай қарамайтын азаматтар бізде жетерлік. Олар өз қолдарымен мұражай қорына ата-бабаларынан қалған көне аспап түрлерін тарту етіп, сол арқылы рухани жаңғыруымызға үлестерін қосуда.

Домбыра-асқақтата ән салып, күмбірлетіп күй төккен, өнерпаз халықымыздың асылынан артық қастерлеп, жалғызындай аялап, қақ төріне ілген ең қымбат, ең ардақты музыкалық аспабы. Олай болса осы байлығымызды насихаттауға, жаңғыртуға бағытталған мереке - «Домбыра күніне» барлығымыз үлес қосу – ортақ міндет.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

"Қалың елім, қазағым, қайран жұртым" өлеңін талдап, сол кезеңдегі қазақ қоғамының жай-күйін түсіндіріңдер​ 250-300 сөз
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*