Зар заман ақындарының шығармаларында сары уайымға салыну, қайғы-мұңға берілу сарыны да байқалады. Бұл кезең ақындары келер күннен үміт жоқтығына налиды, тығырықтан шығатын жол таппай қиналады.[5] Олар елдің басына түскен нәубетті ақырзаманның келгені деп ұғады. Бұл жердегі ақырзаман – ғаламдық апат, жарық дүниедегі көзге ілінген нәрсенің тып-типыл болуы турасындағы емес, отаршылдықтың шеңгеліне мықтап түскен ұлттың күйреуі сипатындағы ақырзаман.Бүгінгі көзқарас тұрғысынан қарасақ, олардың ойлаған қаупі расқа айналғанына куә боламыз. Бұл ақындардың ішінде өлең-жырдың бар қуатын пайдаланып, ата-баба дәстүрімен астарлай айтып, батыс пен шығыстан келетін кесапатты бірдей болжап бергені.
Зар заман ақындары шығарм. – жаңалығы мол, өзгеше дәстүрі бар күрделі құбылыс ретінде әдебиеттану ғылымының тұрақты зерттеу нысанасы болып қала бермек...
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1. Батаның пайдасы2. Бата берудің тәртібі3. Батаның түрлері4. Үлкендердің батасы
Мұхтар Мағауиннің "Тазының өлімі" атты шығармасын оқыған боларсыздар. Мен сол хикаяны оқып, соның әсерімен осы Массагете бөліспекшімін. Және өмірде болған оқиғамнан бір үзік сыр шерткім келіп отыр. Себебі,бұл шығарма есіме көп нәрселерді салды.
Хикаяның соңына келгенде суреттелгендей Лашынның өлімі көз алдыма елестеп, жанарыма жас келді. Асыл тұқымды жануардың соңына дейін талпынғаны, берілмей аш қасқырлармен алысқаны, жаралы аяғына қарамастан барынша күрескені - тектілігінің нышаны болды. Тіпті,бұл өмірде адамдардың өзі болмашы бір қиындыққа төзе алмай беріле салып жататындары бар ғой. Оның қасында Лашынның бұл әрекеті ерлікпен пара-пар болды. Қақпанға түссе де жанталасып,бар күшін жинап иелеріне белгі бермекші болды. Қатты ұлимын деп, торуылдап жүрген аш қасқырларға тап болып қалды. Бірақ,қорықпады да.
Иелеріне адал иттер туралы біраз фильмдер қарадым. Қай жылдары екені есімде жоқ "101 Далматтықтар" деген фильм болған. Мүмкін көрген де боларсыздар))) Өздеріңізге белгілі "Хатико", менің сүйікті актерларымның бірі Ричард Гир түскен фильм,