Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Казахский язык 7 тапсырма :3 текст: Біздің отбасымыз үлкен. Отбасымызда атам, әжем, әкем, анам, ағам, жеңгем, әпкем, інім бар. Бәріміз бірге тұрамыз. Біз отбасымызда ана тілімізде сөйлесеміз. Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Елімізде қазақ тілін үйренгісі келетіндерге көп мүмкіндік . Атам Мағжан Жұмабаевтың, ал әжем Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін сүйіп оқиды. Ата-анам үш тілді жақсы меңгерген. Олар жұмыста қазақ тілінде қызмет көрсетеді. Әкем – пойызда жолсерік, ал анам – дүкенде сатушы. Нағашым да орыс тілін жетік біледі. Ол қазақша ән айтады. Ал жиенім қазақша өте жақсы сөйлейді. Себебі ол тіл үйірмесіне барады, қазақша көркем-әдеби кітаптар оқиды, әртүрлі байқауларға қатысады. Ол жақында Мағжан ақынның «Қазақ тілі» өлеңін жаттап алды. Менің ағам көп тіл біледі. Көп тіл білген жақсы. Көп тіл білген адамның өмірдегі мүмкіндігі де көп. Ағам жақында жоба жұмысын ағылшын тілінде дайындады. Ол халықаралық грант ұтып алды. Жеңгем де француз тілін үйреніп жүр. Біз отбасымызбен мемлекеттік тілде еркін сөйлейміз, өзге тілдерді де жақсы білеміз
Берілген екі мәтін бойынша салыстырмалы талдау жасау.
Екі мәтіннің ұқсастығы: Берілген екі мәтінде де қазіргі заманда ғылымның дамып, адам өмірін жеңілдетету үшін ойлап табылған құралдар жайлы айтылған. Бұл ойлап табылған жаңа технологиялар адам өмірін жақсартады.
Айырмашылығы: Бірінші мәтінде адамсыз жүретін көліктер жайлы айтылса, ал екінші мәтін - ұялы телефон жайлы.
Негізгі идеясы: Бірінші мәтін бойынша: өзі жүретін көлік адамдардың тұрмыс – тіршілігін жеңілдетіп, қоршаған ортаға оң әсерін тигізеді. Себебі жасыл желек көбейіп, ал көлік қоятын орындар керісінше азаяды. Кептеліс пен апаттар азайып, жүріп – тұру оңай болады. Сонымен қатар, бос уақыт та көбейеді.
Екінші мәтін бойынша: «Самсунг» компаниясының смартфондары мүмкіндіктері шектеулі жандарға таптырмас құрал болмақ, тіпті қазірдің өзінде жартылай жасалған технология көмегімен арнайы қосымшаларды ашып, контактілер мен тыңдайтын өлеңдерді таңдауға болады.
Мақсатты аудиториясы: Бірінші мәтін бойынша: көлік жүргізе алатын барлық азаматтар.
Екінші мәтін бойынша: бұл құрылғы тек қана мүмкіндігі шектеулі жандарға ғана емес, сонымен қатар барша тұтынушыларға қажет әрі ыңғайлы болмақ деп есептеймін.