Константин
?>

Нужно написать вкратце на казахском о чём говорится в тексте и озаглавить его.

Казахский язык

Ответы

sargisyan
Мен дәрігер болғым келеді. Маған осы таңдаған мамандығым ұнайды. Болашақта жақсы маман иесі атанғым келеді. Қазақстан медицинасын дамыту үшін қызмет жасаймын. Халықтың дені сау болуына өз үлесімді қосамын. 

Отбасымда анам — дәрігер. Анамның жолын қуып мен де дәрігер болғым келеді. Маған ешкім сен дәрігер бол немесе басқа маман иесі бол деп айтқан жоқ. Бұл — өзімнің жүрек қалауым. 

Негізі ақ халатты дәрігерлерге кішкентай кезімнен қызығатынмын. Дәрігерлер адам жанының арашашысы ғой. Мен сол ақ халаттылардың бірі болуды армандаймын.«Арман адамға қанат бітіреді» деп тегін айтпайды. Адамның арманы көп болады. Менің де алдыма қойған мақсатым көп.  Ең алдымен дәрігер болғым келеді. Мектепте жақсы оқып, дәрігердің оқуына түссем деп қиялдаймын. Ауырып жатқан адамдарды емдеп, дәрі беріп, ине салып, сауықтырсам, бәрі маған қызыға қарайтын болады. Әрі көп адамдардың батасын да алар едім. «Батамен ел көгереді» дейді. Көп бата алсам, өмірде жолым оңғарылып, білікті дәрігер боламын. Медицина ғылымымен айналысамын. Менің ауылымда тіпті сырқат адам болмас еді деп армандаймын.
kseybar

Менің сүйікті ұстазым.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға...» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, ұстаз болу – аса үлкен жауапкершілік пен мамандыққа деген сүйіспеншілікті талап ететін игі ас. Ұстаздық – ең қиын мамандықтардың бірі, себебі еліміздің ертеңі болып саналатын жас ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім беру мұғалімдердің басты міндеті саналады.  

Ұстаз – біздің қолымызға қалап ұстатып, әріп танытып, білім нәрімен сусындататын екінші анамыз. Болашақ ел басқаратын тұлғаларды, ақ халатты абзал жандарды, ғалымды, кегшілерді, кез келген мамандық иесін ұстаздар тәрбиелейді. Шәкірттерінің бойына жақсы қасиеттерді дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Осындай үлкен жауапкершілікті мойнына алып, оқушыларды үлкен өмірге даярлайтын, оқушыларының әрбір жетістіктеріне бірге қуанып, алға жетелейтін де ұлағатты ұстаздар.

Менің сүйікті ұстазым өзіміздің сынып жетекшіміз, әрі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бақтылы Жақсылыққызы. Апайымыз бізге тек қана сабақ оқытып қана қоймай, сонымен қатар бойымызға ізгі қасиеттерді дарытуда. Мектептегі екінші анамызды әріптестері білікті маман ретінде таныса, оқушылар ізгілі ұстаз ретінде сыйлайды. Бақтылы Жақсылыққызы менің болашақта мамандық таңдауыма үлкен себепші болды, бойыма тілге деген құлшынысымды оятты.  

Осындай егемен еліміздің ертеңін ойлайтын білімді, саналы ұрпақ тәрбиелейтін ұстаздарымыз көп болса екен деймін.  

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Нужно написать вкратце на казахском о чём говорится в тексте и озаглавить его.
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

komarov-dmitriy
allo22-27
peregovorkacoffee
ирина_Андреевич1634
travkinadjey31
demochkoo
Lopatkin_Shchepak174
Воздвиженская
Umkatoys50
Bella Sergei
Likhomanova63
Карапетян
vlsvergun59
notka19746
atenza3736