"Компьютермен жұмыс жасау зиян" тақырыбында диалог.
- Сәлем, Әсем!
- Сәлем, Болат! Қалайсың?
- Жақсымын, сен ше?
- Менде де бәрі жақсы. Бүгін тағы компьютерлік ойындар ойнаймыз ба?
- Жоқ, одан да саябаққа барып ойнайық.
- Неге?
- Біз бүгін информатика сабағында компьютердің зияны туралы өттік. Компьютерде шамадан көп отырсаң, денсаулығыңа, ойлау жүйеңе зиян келтіреді. Әр 20 мин сайын көзге жаттығулар жасау керек. Монитор мен адамның арақашықтығы да сақталуы керек екен. Біз тіпті дұрыс отырмайды екенбіз ғой.
- Мәссаған! Жарайды, онда түсте саябақта кездесейік.
- Жарайды, кездескенше!
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Баянауыл - көрікті аймақ. Ертегілер елі сияқты. Міне, осы өлкені отандық туризмнің орталығына айналдыруға болады. Әр тасының өзі туған өлкенің тарихынан сыр шертеді. Мұндай мекен отандық, шетелдік демалып келушілер үшін таптырмайтын жұмақ жай. Жасыбайдың жағасында суға түсіп, құмға қыздырынған жан бұл өлкенің сұлу табиғатын ешқашан ұмытпайтыны ақиқат. Бұл аймақ туралы аңыздар да өте көп. Солардың бірі - Кемпіртас туралы аңыз. Кемпіртас - Баянауылдың ұлттық саябағындағы ең танымал тас. Ертеде жергілікті тұрғындар бұл жерде ерекше жылқы тұқымын өсіріпті. Бұл аттардың бағасы қымбат болыпты. Оларды ең батыл жігіттер көздің қарашығындай күзетіпті. Алайда соған қарамастан, күнде бір жылқы жоғала беріпті. Түнде күзет қойылса да, бәрі де ұйықтап қала беріпті. Ақыры солардың арасынан жас батыр түнде ұйықтап қалмау үшін білегін кеседі. Түн ортасында жер астынан түрі қорқынышты кемпір шығады. Ол жылқылардың ішіндегі ең семізін таңдап алып, өзімен бірге жер астына әкетеді. Жас батыр көргендерін ақсақалдарға айтып береді. Ол халқын сиқыршыдан құтқармақшы болады. Жігіт түнде мыстанның келер уақытын күтеді. Кемпір жерден шығады да жігітпен жағаласа кетеді. Жігіт мыстанмен түнімен алысып, әбден шаршайды. Кемпір де әлсірейді. Өйткені таң білінісімен, кемпірдің күші қайтады. Таң атқан кезде мыстан кемпір жердің астына түсіп үлгермейді. Таң арайлап атып, күн сәулесі жер бетіне шашылады. Сол мезетте мыстанның басы мен денесінің жартысы тасқа айналып, қатып қалыпты. Халық арасында айтылып жүрген аңыздың бірі - осы. 1-тапсырма: Мәтіндегі негізгі ойды анықта.