a580028r
?>

Токтар аубакиров -первый космонавт сочинение

Казахский язык

Ответы

el-dent12

тоқтар әубәкіров - тұңғыш космонавт

«қазағым үшін өлуге дайынмын» (т.әубәкіровтің ғарышқа ұшардағы сөзі)

1991 жылы 2-қазанда тоқтар әубәкіровтің ғарышқа ұшқан күні. кім не десе де қазақ ғарышының тарихы осы күннен басталады. сол үшін де бұл күн – қазақ үшін тарихи күн. айдарынан жел ескен алаш ң аспан әлеміне жол тартқан күні. 2 қазан сонысымен қымбат, сонысымен құнды. егер шындығына келсек қазақтың ғана емес күллі түркі халықтарының тұңғыш ғарышкері. 2001 жылы стамбул қаласында «түріктің тұңғыш ғарышкері» атағын түркия елі берді.

биліктің тоқтар батырды таса да ұстағысы келгеніне қарамастан тоқтардың кім екенін тағы бір еске түсіріп өту үшін атқарған еңбектерін парақтап шықсақ.

тоқтар оңғарбайұлы әубәкіров — қазақтың тұңғыш ғарышкері, кеңес одағының батыры (1988), қазақстан республикасының халық қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), қорқыт ата атындағы қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. ол 1946 жылы қарағанды облысының қарқаралы ауданында өмірге келген. ресей федерациясындағы армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін (1969), авиация институтын бітірген (1979). 1969 — 75 жылдары әскери-әуе күштерінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары. 1976 — 1992 жылдары мәскеудегі тәжірибелік конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшысы міндеттерін атқарды. 1988 жылы кеңес одағында алғаш рет әуеде ұшаққа екі мәрте жанармай құйдыру арқылы солтүстік ендікке қонбай ұшуды ерлікпен жүзеге асырды. реактивті ұшақтың елуден аса жаңа түрін сынақтан өткізді. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2 қазанда байқоңырдан “союз тм-13” кемесімен ғарышқа ұшты. онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. зерттеу нәтижесінде арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозолдардың қазақстан мен ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. 1991 ю.а. гагарин атындағы ғарышкер дайындау орталығында әзірлгін бастады, сынаушы ғарышкер-ұшқышы, сынаушы. «союз тм» ғарыш кемесінде және «мир» орбиталды кешенінде сынаушы ғарышкер-ұшқышы ған машықтануын ұшу бағдарламасы бойынша өтті. 1991 жылы қазанның 2-інде тоқтар әубәкіров зерттеуші ғарышкер есебінде, александр волков және аустрия ғарышкері франц фибөк, «союз тм-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. апта бойы «мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеді. 1991 жылы қазанның 10-ында тоқтар әубәкіров, анатолий арцебарский, аустрия ғарышкері франц фибөк «союз тм-13» ғарыш кемесімен жерге қайтып қонды. ғарышта өтеген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минут.

ғарыштан оралған соң қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға, отандық қарулы күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты. ол 1992 — 93 жылдары қазақстан республикасы қорғаныс министрінің 1-орынбасары, 1993 — 94 жылдары қазақстан республикасы ұлттық аэроғарыштық агенттігінің бас директоры — ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары. қазақстан республикасы жоғарғы кеңесінің депутаты — қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.

арман   қуып   жасынан,

көктен   көзін   алмаған

ұшқыш   болды   жас ұлан,

аспанда   еркін   самғаған.

бабасынадай асауға

салған   құрық –бұғалық.

ұшақтарды сынауға

артқан   еді құмарлық.

самғап   ұшу аспанда

қауіпті еді, қатал-ды.

ерлігі   елден   асқанда,

ол   ғарышкер   атанды.

талай   істе   ғажаптың,

туған   ұлы қазақтың ,

тұңғыш   ұшты   ғарышқа,

қаһарманы қазақтың!

tip36
Қымыз — жылқы сүтінен алынатын кышқыл сүт өнімі.  қымызсыз қазақ асханасын елестету мүмкiн емес. бұл ғажайып сусын қырғыз, қазақтардың барлық салтанатты думандарымызда бiрiншi кезекте берiледi. ол туралы өлеңдерде, мақал-мәтелдерде айтылады, әйел ң қабiлетiн ең алдымен оның қымыз әзiрлеуiне қарап бағалаған. ыдыс түбiнде iшiлмей қалған қымызды төгiп тастау күнә болған. қазақтар жүздеген жылдар көлемiнде қымызды айырықша ыдыста - торсық және сабада дайындаған.  қымыздың бабы пісу мен сапыруға байланысты. жиі-жиі піскен қымыздың дәмі кіре береді. ал, пісуі жетпеген қымыз ірімтіктеніп, суы бір бөлек, тұнбасы бір бөлек болып, бұзылып, сапасын жояды. көбірек пісілсе тіпті күшті деген қымыздың өзі жұмсап, ішуге сүйкімді бола береді. татыған барқыт қымыз осындай баппен дәмді.қымыз қымыз — халқымыздың бірнеше ғасырлар бойы үздіксіз пайдаланып келе жатқан ұлттық тағамы. ол тек тағам емес, сонымен қатар халықтың қасиетін, дәулетін, салтанатын, байлығын, мырзалығын, дастарқан берекесін білдіретін ырыс белгісі. басқа тағамдарға қарағанда қымызды дайындаудың әдіс, тәсілдері, салт-дәстүрлері, ырымдары мен кәде-жоралары көп. көктем туып, құлындаған бие байланып, сауылады. биенің ашымаған сүтін саумал дейді. оған арнайы ашытқы қосылып, екі-үш күннен кейін ашиды. алғашқы қымызды үй иесі өзі ішпейді, дәстүр бойынша үлкендерін шақырып, ауыз тигізіп, батасын алады. мұны "қымызмұрындық" дейді. дайындау әдісіне. касиетіне, сапасына жөне сақталу уакытына байланысты халқымыз қымызды бірнеше түрге бөлелі. және олардың әр түрін жылқы жасына байланысты атайды.
sarbaevmax
Қыс айлары суық болады.айнала аппақ қалың қар жатады.қыс мезгілінде қыстап қалатын құстарға азық табу қиын. қыста азық табу қиын   болғандықтан ,олар   ға жақын жүреді.қыстап қалатын құстар-торғай,көгершін,қарға ,сауысқан ,сары шымшық,тоқылдақ. сауысқан ,қарға кез келген тамақты көрек ететін құстар.олар қардың астынан қазып түрлі тамақ қалдықтармен көректенебереді.тоқылдақ ағаштың арасындағы бунақденелілерді тауып көректенеді,ал қар бетіне түскен оның қалдықтарын торғайлар ,сары шымшықтар теріп жейді.көгершіндер ға аса жақын жүреді.     құстарға  жем береді,нанның қалдықтарын береді.құстардың табиғатқа пайдасы зор.олар ағаштарды ,егінді зиянды құрттардан қорғайды.сондықтан құстарды қорғап қамқорлап жүреді.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Токтар аубакиров -первый космонавт сочинение
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

yuip2008
koldunovan
Salnikov1730
viktorovna_Imamaevich679
Тинчурина1528
fshevxuzheva313
AverinAA6077
movlam11
donliolik
lebedev815
rina394992
Galiaahmatova4447
victoria-112296363
Pirogovskii695
margarita25061961