Астананың туған күніне құттықтау.
Еуразияның қақ ортасында орналасқан еліміздің бас қаласы, елордамыз, отанымыздың жүрегі, тәуелсіздіктің тірегі Астана қаласының туған күні құтты болсын! Өркениетті еліміздің бас қаласы қарыштап дамып келеді, небәрі жиырма жылдың ішінде қалада қаншама зәулім үйлер мен ғимараттар бой көтерді! Жас та болса, бас болған ару қаламыздың көркейіп, гүлденуінде әрбір қазақстандықтың қосқан үлесі бар! Бас қаламыз жасай берсін, жайнай берсін, гүлдене берсін! Жаңа заманда жасампаздықпен қалыптасып жатқан астанамыз өсе берсін! Елордамыз әлемдік қартада өзіндік ерекше орны бар, қайталанбас тарихы мен мәдениеті бар астана ретінде танылған.
Қазіргі таңда астанамыз әлемдік, іскерлік байланыстың күре тамырына айналып отыр. Астана қазірдің өзінде азиялық байтақтардың арасындағы ең бір еуропалық қала. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Еуразиялық ел екенін, оның астанасының орасан зор қос құрлықтың өкпе тұсында орналасқанын, демек келешекте қаланың осынау ұлан-ғайыр кеңістіктің қуатты желілері тоғысқан торабына, 21 ғасырдағы экономикалық, технологиялық, ақпараттар тасқынының арнасына айналатынын атап өткен болатын! Сондықтан осындай жемісті күндеріміз көп болғай! Астанамыздың туған күні тағы да құтты болсын!
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Монологті тыңда. Бос орынға сәйкес келетін автордың көзқарасын анықта. Тақырып туралы ой қозғай келе, автор деген қорытындыға келеді. Рухани мәдениет материалдық мәдениеттен төмен тұруы тиіс Материалдық мәдениет рухани мәдениеттің алдында тұруы тиіс Рухани мәдениет құлдырағанда азған қоғамға айналатыны анық. Материалдық мәдениет қоғамның қозғаушы күшіне бастауы анық.
Рухани мәдениет құлдырағанда азған қоғамға айналатыны анық.