Қорқыт Атаның сегіз қырлы күмбезді мазары қәзіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты теміржол станциясына жақын Сырдария өзенінің жағасына /IX—XI ғ./ орнатылған. Мазардың сыртқы көрінісі қазақтың киіз уйі сияқты дөңгелек. Ә. А. Диваев пен И. А Кастаньенің зерттеуі бойынша /IX ғ. / мазар кірпіштен салынған. Ішкі жағы қазақтың түрлі оюларымен безендіріліп, кереге, уықтар бейнеленген. XIX ғасырдың аяғында Қорқыттың табыты басқа жерге көшірілгең, мазарының қалдықтарын Сыр суы шайып әкеткен. Соңғы жьілдары /1978—1980/ Қазақстан Республикасы тарихи және мәдени ескерткіштерді қоргау қоғамы Орталық советі Президиумының шешімі бойынша арнайы қаржы босатылып, Қорқытқа мәңгі ескерткіш орнатылды.
Алматылық жас архитектор Ибраев Бектің жобасы бойынша жүзеге асырылған, қазақтың көне музыкалық аспабы — қыл қобыз бейнеленген бұл ескерткіш желмен бірге ыңылдап, үн салып тұрады. Ескерткіш Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының теміржол станциясына жақын жерден бой көрсетеді. Қорқыт Ата мазарын 1898 жылы қазақтың көрнекті фольклорисі, қазақ ауыз әдебиеті үлгілерінің белгілі жинаушысы Ә. Диваев түсіріп алған екен. Сол фото-сурет Стамбул университетінің профессоры М. Ергиннің /Китаби Қоркыт/ еңбегінде пайдаланылған.
andreyshulgin835
13.04.2022
Қазақ тілі - мемлекеттік тіл Мен Қазақстанда тұрамын. Ұлтым орыс. Мен өзімнің ана тілімді ардақтаймын. Мемлекеттік тіл- қазақ тілін өз ана тілімнен артық білемін. Мен қазақ сыныбында оқимын. Әрбір Отанын сүйген азамат мемлекеттік тілге құрметпен қарап, жақсы меңгеру керек. Жалпы, мемлекеттік рәміздердің бәрін де құрметтей білейік. Кейбір қазақ балаларына таң қаламын, өз тілдерінде сөйлеуге намыстанып тұратын. Олар намыстанып, ана тілін үйренуге көңіл бөлер деген мақсатта, оларға қазақ тілінде мақалдап, әзілдеп сөйлеймін. Бірақ, одан олар нәтиже шығарама жоқ па, білмеймін. Қанша тіл білсек те артық болмайды, ал мемлекеттік тілді толық меңгеру парызымыз.
elenalukanova
13.04.2022
Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады. Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған