“Алып ер тоңға” дастанының негізгі идеясы - Тұран елін сыртқы жаудан қорғау, түркі жұртын ішкі ынтымақ-бірлікке үндеу, туған жердің абырой-даңқын арттыра түсу болып табылады. Бұл дастан Алып Ер Тоңғаның қайтыс болып, бүкіл түркі елінің күңіренген жоқтау жырымен аяқталады. "Алып Ер Тоңғаны жоқтау" деп аталатын жыр Махмұт Қашқаридың "Диуани лұғат ат-түрік" атты сөздігі арқылы бүгінгі күнге ешбір өзгеріссіз жеткен. Бұл жоқтау “Алып ер тоңға” дастанының ең соңғы тарауы болса керек. Аяулы батыры қаза болғанда жоқтау айту дәстүрі түркі халықтары арасында күні бүгінге дейін сақталған
mlf26
08.08.2022
Где описан в книге в работах, но в некоторых случаях жизнь. История не всегда jeñedi богатыми и мудрыми. Я прочитал süyemin. Детективные истории о страхе, любимых книг и исторических проблем. Billing больше, чем было в случае в реальной жизни. И надо думать читать книгу больше думать, чем мне большое удовольствие знать массу полезной и интересной. И во многих случаях может быть случаи, когда плата книги. Jazdıgüni, хорошая погода, мы играли с девушкой в саду каждый день. Палатка предложить üylendire. Я думал, разговор сказал характеристик kürkeniñ вывода эффекты. Очень Una девушка. Когда мы закончили, мы не колеблясь, чтобы иметь красивые и большие палатки. Я не мог найти, где tırbıñdaymın прочитать каждый. Мудрость, логика мне книгу, научились думать о вопросах
MNA888
08.08.2022
Бұқар поэзиясы – нақылдық поэзия.
Бұқар жырау Қалқаманұлы — қазақтың ұлы жырауы,ақ киізге көтеріп хан сайлаған атақты Абылай ханның кеңесшісі. Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деп атап кеткен деседі.Олай аталуының себебі,сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз ағыл-тегіл болып төгіледі екен. Бұқар жырау Жоңғар басқыншылығының тұсында,қазақ жұртының келешегі қыл көпірдің үстінде тұрғанда өмір сүрді.Бірақ ол ешнәрседен қорқып,мойымады.Керісінше,Абылай ханға өз ақыл-кеңестерін дұрыс айтып,елді бір ту астына бірігуіне ат салысып,жебеп жүрді.Бұнымен қоса анталаған жауға қолына ақ найза алып емес,азулы толғауларымен төтеп берді.Оның жырлары – Абылай хан заманының айнасы десек те болады.Жыраудың “Он екі айда жаз келер”, “Абылай ханның қасында”, “Ханға жауап айтпасам” секілді толғауларында елді біріктіру,елдің бұлыңғыр болашағына сену мен бейбіт елді сақтау тақырыптары қозғалды.Алайда,Бұқар жыраудың шығармаларының тағы бір қыры бар.Оның толғауларында асқақ құлшыныс пен айбаттылық қана емес,ұзақ сүзгіден өткен даналық ойлар мен нақыл сөздер мол.Әсіресе,белгілі бір құбылыстарды салыстыра сипаттай келе,оған үлкен өнегені сыйғызып жібере алады.Мұхтар Әуезов жырау шығармашылығы туралы: “ Не айтса да, көптің мұңы мен қамы, көптің жәйі туралы: не көпке арнаған ақыл, өсиет есебінде айтылады”,-деген екен.Шынында да,ол сол заманның бет-бейнесі ашып қана қоймай,өз көрген-білгенінен ғибрат қалдырған.Мысалы: Асқар таудың өлгені — басын мұнар шалғаны, Көктегі бұлттың өлгені — аса алмай таудан қалғаны. Ай мен күннің өлгені — еңкейіп барып батқаны, Айдын шалқар өлгені — мұз болып тастай қатқаны. Қара жердің өлгені — қар астында қалғаны, Өлмегенде не өлмейді — ғалымның xаты өлмейді,-деген жыр жолдары тәлім-тәрбиеге толы.Бұл сөздерінде Бұқар жырау еліне қызмет қылып,білімімен бөліскен ғалымның еңбектері дүниедегі бар құбылыстарға қарағанда өлмейді және өшпейтіндігін айтқан.Ол тіпті бір-екі ауыз сөзге де үлкен мән қалдыра берген.Мысалы,“Аздың ісі бітпейді” деген сөзінде жұмыла жұмыс істеген адамдардың ісі тез әлі оңай орындалатынын,әрқашан бірлікте,татулықта болу керектігін жеткізген. Біз,қазақ халқы,ертеден аталы сөзге тоқтағанбыз.Бұқар жыраудың күні бүгінге дейін нақыл сөздерінің жоғалмай жетуі оның сөздерінің ұлылығында деп білемін.
“Алып ер тоңға” дастанының негізгі идеясы - Тұран елін сыртқы жаудан қорғау, түркі жұртын ішкі ынтымақ-бірлікке үндеу, туған жердің абырой-даңқын арттыра түсу болып табылады. Бұл дастан Алып Ер Тоңғаның қайтыс болып, бүкіл түркі елінің күңіренген жоқтау жырымен аяқталады. "Алып Ер Тоңғаны жоқтау" деп аталатын жыр Махмұт Қашқаридың "Диуани лұғат ат-түрік" атты сөздігі арқылы бүгінгі күнге ешбір өзгеріссіз жеткен. Бұл жоқтау “Алып ер тоңға” дастанының ең соңғы тарауы болса керек. Аяулы батыры қаза болғанда жоқтау айту дәстүрі түркі халықтары арасында күні бүгінге дейін сақталған