Дәйек сөз, цитата (лат. cіto– келтіремін, шақырамын) – түпнұсқадан сөзбе-сөз алынған үзінді. Автордың ойын беделді пікірлермен тиянақтау үшін, біреудің пікіріне сын айту үшін, құнды дерек ретінде пайдалану үшін қолданылады.[1]
Дәйек сөз, негізінен, ба з материалдарында, ғылым еңбектерде, кітаптар мен әр түрлі қолжазбаларда, баяндамалар мен сөйлеген сөздерде келтіріледі. Дәйек сөздер ғылым еңбектерде пайдаланғанда, сол еңбекте айтылатын оймен логикалық тұрғыдан қабысып, жарасым табуы тиіс. Айтылмақ ойды одан әрі дамытып, жаңа деректермен толықтырып тұру керек. Сонда ғана ол өз міндетін атқарады. Әдетте, зерттеу еңбектерінде, көбінесе әдебиет, мәдениет, өнер, ғылым қайраткерлері пікірлерінен дәйек сөздер алынып отырады. Мұның өзі үлкен талғаммен, орынды алынса, еңбектің сапасын арттыруға есебін тигізеді.
Дәйек сөз көбінесе ықшам түрде алынады. Сөйлем ұзақ болған жағдайда керекті жерін алып, қысқартылған сөздер орнына көп нүкте қою шарты бар. Дәйек сөз, әдетте, тырнақшаға алынып жазылады. Міндетті түрде дәйек сөз алынған еңбек, оның авторының аты-жөні сілтемелерде анық, нақтылы көрсетілуі тиіс. Эпиграф та дәйек сөздің бір түріне жатады
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Даналардан шыққан сөз эссе
Барлық өнерден сөз өнері жақсы екенін білген жөн.Адамзаттың ең абзал қасиетінің бірі-сөз сөйлей білу.Бұл жағдайды жете түсін де,жақсы сөйлей білуге үйрен: сыпайы,анық сөйлеуді әдет қылғайсың.Өйткені,қандай сөзді айтуға әдеттенсең,тіл соны айтады
Сөзді өз орнымен сөйле.Орынсыз айтылған сөз жақсы болса да жаман көрінеді.Орынсыз айтылған артық сөз опық жегізеді.Егер сөйлеген сөзіңнен бір нәрсенің пайдалы исі сезіліп тұрмаса,ондай сөздің айтылмағаны жақсы.» «Кабуснама»
Мұралардың ең қымбаты-сөз.Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады,күн жылытпас суық көңілді жылытады,асылы адам да,нәрсе де тозады, жоғалады.Асыл сөз мәңгі жасайды