Semenovt
?>

Атақоныс... әрбір аймағ... халық санасы... киелі жер болып саналады. Халықаралық көрме... киіз үй... әрқашан жоғары баға береді.Қазақ шебер... керемет зергерлік бұйым... жасайды.Қазақ тілінде мезгіл, мерзім өлшем... өте көп.Бұдан халқымыз... таным-түсініг... терең, тіл қабілеті... жоғары екен... бай-қаймыз.Уақыт мезгіл... анықтау... халқымыз өлшем... қызық әрі мол қолданған.Салмақ өлшем... халық... тұрмыс... мол көрініс тапқан.​

Казахский язык

Ответы

andrew-lev2501

Атақоныстың әрбір аймағы халық санасында киелі жер болып саналады.

Халықаралық көрмеде киіз үйге әрқашан жоғары баға береді.

Қазақ шеберлері керемет зергерлік бұйымдар жасайды.

Қазақ тілінде мезгіл, мерзім өлшемдері өте көп.

Бұдан халқымыздың таным-түсінігінің терең, тіл қабілетінің жоғары екенін бай-

қаймыз.

Уақыт мезгілін анықтауда халқымыз өлшемді қызық әрі мол қолданған.

Салмақ өлшемдері халықтың тұрмысында мол көрініс тапқан

jagerlayf
«Отан отбасынан басталады»  деп айтып кеткен ата-баба сөзінде терең мән-мағына жатыр. Шын мәнінде, әрбір отбасы өзінше бір Отан.Отбасы деген сөздің өзіне терең үңіліп көрейікші. Ол біздің жанымыз жабырқағанда, қаунышқа бөленгенде ішкі тебіреністерімізді бөлісетін және өзімізді ең еркін, жайлы сезінетін баспана, жылы ұямыз. Отбасы шағын Отан. Оның  басшысы отбасының қамқоршысы мен тіреуі – әке. Әке отбасына қатысты бар мәселелерді шешіп, өз отбасының намысын қорғау жолында  бар күш-жігерін салады. Сондай-ақ, отбасы мүшелерінің де өзіндік атқаратын міндеттері бар. Баршамыздың осы ұядан ұшып шығатынымыз шындық. Отбасына деген сағыныштың  жүрек түкпірінде мәңгілік сақталатыны, оның бізді ақ үрпек балапан шағымыз-дан жылы бауырына басатыны,  бізді мәпелеп, өмірдің қатал заңына тәрбиелейтіні. Сондықтан отбасы мүшелері бір-бірі үшін жанын қиюға да даяр тұрады. Сол сияқты Отанды қорғау да әр азаматтың азаматтық парызы. Отанымыз алдындағы азаматтық борышымызды орындау мақсатында бар күш-жігерімізді салып аянбай еңбек етсек, бір-бірімізбен  етене жақын болсақ,   біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін дейтін тамаша бірлікті сақтай алсақ, онда біз бағындармайтын биік жоқ
Mariya-Karaseva

Отан отбасынан басталады.

Қазақ халқында «Отан отбасынан басталады» деген терең мағыналы сөз бар. Шындап келгенде, әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді. Себебі, отбасының бала тәрбиесінде алар орны ерекше, баланың қалыптасуы отбасынан бастау алады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ата мен ананың тәрбиесі қатар жүрген жерде жақсы азамат қалыптасатыны сөзсіз. Осы ретте ойыма «Ұлдың ұяты әкеде, қыздың ұяты шешеде» деген мақал түсіп отыр, яғни халқымыз ұл баланың да, қыз баланың та отбасынан бастау алатын тәлім – тәрбиесіне аса мән берген.

Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – адам өмірінің тірегі ғана емес,  қоғамның да басты негізі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай.

Не болса да Отанның бір бөлшегі – отбасыңа ештеңе де жетпейді! Өйткені отбасы – табиғаттың әр адамға сыйлаған керемет бір сыйы! Соны мәңгі есте сақтап, ұмытпаған жөн!

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Атақоныс... әрбір аймағ... халық санасы... киелі жер болып саналады. Халықаралық көрме... киіз үй... әрқашан жоғары баға береді.Қазақ шебер... керемет зергерлік бұйым... жасайды.Қазақ тілінде мезгіл, мерзім өлшем... өте көп.Бұдан халқымыз... таным-түсініг... терең, тіл қабілеті... жоғары екен... бай-қаймыз.Уақыт мезгіл... анықтау... халқымыз өлшем... қызық әрі мол қолданған.Салмақ өлшем... халық... тұрмыс... мол көрініс тапқан.​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

zimin0082
Burov1446
Инна_Nina1182
НиколаевнаОльга
Alekseevna
Maria095096
matoksana
amaraks67
admin8808
bd201188
Яковчук1911
randat887040
Васенкова204
tatianaesipenko
Tomilova1686