Бүгінгі ғылым мен техниканың дамыған заманында көлік байлық белгісі емес, қажеттілікке айналып отыр. Себебі "Уақыт - ақша" деген қағида қалыптасқан қоғамда адамдар уақытты аса жоғары бағалап, барлық жұмыстарды уақытында, дер кезде бітіруге, баратын жерлеріне жылдам баруға тырысады. Ал бұл көліктің көмегінсіз мүмкін емес. Көлік болған жағдайда кез келген жерге жылдам әрі уақытында баруға, кез келген нәрселерді сатып алуға, көшіруге, әкелуге, тасымалдауға ыңғайлы. Тіпті бүгінгі күні қыздар мен әйелдер қауымы темір тұлпар тізгінін өз қолдарына алып, ер адамдармен бірдей көлік мінеді. Мұның өзі көліктің қажеттілікке айналып отырғанының бір белгісі деп білемін.
Ал қазіргі уақытта көліктің алуан түрлері бар: жеңіл көлік, жүк таситын көлік, спорт көліктері, арнайы жабдықталған көліктер т.б. Осы алуан түрлі көліктің ішінде ең қымбаты қайсы? Деген сұраққа жауап іздеп көрейік.
Ғаламтор беттеріндегі ақпараттарға жүгінсек, қымбат көліктер қатарында көбінесе двигатель қуаты көп, іші былғары, ағаш секілді табиғи материалдармен қапталған, техниканың соңғы жаңалықтары сай жабдықталған көліктер жатады. Бұл көліктердің бағасы кем дегенде 850 миллион теңгеден басталып, ең қымбат көліктің бағасы 3 604 959 000 теңгені құрайды екен. Қымбат көліктер қатарында Мерседес Бенц, Бугатти, Феррари , Роллс – Ройс, МакЛарен секілді маркалы көліктер бар екен.
Объяснение:
Бала күнімізде әдеби кітаптарды көп оқитын едік. Мектеп қабырғасында бізді әдебиетке баулыған ұстаздарымыз көбінесе «Егер мен миллионер болсам», «Егер мен бай болсам» деген тақырыптарда шығарма жаздыратын-ды. Сонда бала қиялымызға ерік беріп: «Мен өскенде көп ақша тауып, бай болып, үлкен кәсіпорын саламын» деп жазатынбыз. Қазіргі балалардың да арманы осыған ұқсас. Көпшілігі есейгенде жақсы мамандық алып, жалақысы көп жерде жұмыс істегісі келетіндерін айтады. Бір қарағанда осындай қиялы бар балаларға қызыға қарауға болады. «Қиял дегеніміз – адамның санасында пайда болатын жоспардың шеберханасы іспеттес» дейді Напалеон Хилл.
Біздің қоғам да нарыққа көшті. Соның арқасында билік халықты дәулетті, табысты болуға шақырып отыр. Ол үшін барлық жағдай жасалған. Ең бастысы, мемлекет қазір әрбір қазақстандыққа бизнесте өзінің бағын сынап көруге үлкен мүмкіндік беріп отыр. Яғни, миллионер боламын деп алдына мақсат қойған адам, түбінде соған қол жеткізеді. «Біз еліміздегі әрбір адам өзінің бизнестегі бағын сынап көруге, қоғамымыздағы жүргізіліп жатқан экономикалық өзгерістердің толыққанды қатысушысы болуына қолайлы жағдай туғызуымыз керек. Әрбір адам өзінің мәселесін мемлекет шешіп береді деп күтіп отырмауы тиіс»,- деді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан 2050» стратегиясында.
Елбасымыз атап айтқан экономикалық жаңарулардың бірі – жаңа жекешелендіру. «Жаңа» деп айдар таққанымыз – бұл 90-шы жылдардағы жекешелендіруден мүлдем бөлек. Себебі, Үкімет халықты бұл шараға алдын-ала дайындап алды. 2013 жылы толығымен жекешелендіру науқанын түсіндіру жұмыстарының жүргізілгені – осының айғағы. Ал, биылғы сәуір айында Министрлер кабинеті 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарын жария етті. Сол жоспарға сәйкес, екі жылда коммуналдық меншіктегі 780 кәсіпорын бәсекелестік ортаға беріледі. Ең бастысы, жекешелендірудің, ұйымдар мен мекемелерді қайта құрудың және таратудың нәтижесінде мемлекет меншігіндегі ұйымдар 28 пайызға, коммуналдық меншіктегі ұйымдар 38 пайызға, ұлттық холдингтердегі компаниялардың саны 36 пайызға дейін қысқарады. Осылайша, нарықтық механизмдерді нығайту үшін, мемлекет шаруашылық субъектілеріндегі өзінің үлесін қысқарта бермекші.
«Байлық мұрат емес» дейді қазақ. Алайда, Қазақстан әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіруі үшін, қазақстандықтардың табысты, ауқатты болғаны жөн шығар. Егер елде кәсіпкерлікпен айналысатын адамдардың саны көбейіп, өзімізге қажетті өнімдер мен тауарларды өзіміз өндіріп жатсақ, ол – дамудың жолы. Осы тұрғыдан алғанда, елімізде бұқаралық кәсіпкерлікті қалыптастыру мемлекеттің ұлттық идеясының бір бөлшегіне айналып отырғанын түсіну қиын емес. Қазірдің өзінде қазақстандықтар табысты кәсіпкерлердің ұлтына айналып келеді. Енді міне, Үкімет қолға алып жатқан ақша мен мүлікті заңдастыру, жекешелендіру науқаны сияқты шаралар осыны дәлелдеуі тиіс. Әрбір дәулетті қазақстандық шетелден емес, өз елінен кәсіпорын сатып алып, оны өркендетуге бар қажыр-қайратын жұмсауы керек деп ойлаймын.
Сөзіміздің басында миллионер болу туралы айттық. Айтпақшы, еліміздегі жаңа бизнес саясат осыған зор мүмкіндік беріп отыр. Қалай? Мысалға, «халықтық IPO» бағдарламасы іске асырылғанға дейін кез-келген адам ұлттық компаниялар мен холдингтердің активтерін сатып ала алатын ба еді? Әрине, жоқ. 2012-2013 жылдары табысты жүргізілген осы шара биыл да қарқын алады. 2014 жылдың шілде айынан бастап еліміздегі ұлттық компаниялар мен холдингтердің активтері Қаржы министрлігінің бірыңғай электрондық сауда алаңында сатуға шығарылды. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев хабарлағандай, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның компаниялар тобынан бәсекелестік ортаға 106 актив, «Бәйтерек» холдингінен 15 актив, «ҚазАгродан» - 32, «Парасаттан» - 8, «Зердеден» - 2 актив сатылымға шығарылады. Бұл шара барынша ашық, жария түрде өтпекші.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
ОҚЫЛЫМ тапсырмасы. Мәтінді оқып, оның жалпы мазмұнына қатысты 2 сұрақ, мәтіндегі нақты ақпараттарға қатысты 3 сұрақ құрастырыңыз.Жалпы мазмұнға қатысты 2 сұрақ1)2)Нақты ақпараттарға қатысты 3 сұрақ1)2)3)Сән ( франц. Moda, лат. Modus – өлшем, әрекеттәсілі)- киім кию мәдениеті, өмірдің әртүрлі сферасында жеке талғамның уақытша үстемді кетуі. Сән – әлеуметтік, экономикалық құбылыс. Адам қоғамының дамуына, жаңа тарихи қоғамдастықтар пайда болуына байланысты адам киімі де түбірімен өзгеріп отырады. Қазіргі сәнді демократияшыл деуге де болады, себебі қазіргі таңдау идеясы мен еркіндіктің көптігімен, яғни әртүрлі стильдерімен, пішіндерімен, үлгілерімен, көлемдерімен, киім ұзындығымен, алуан түсті гаммалығымен ерекшеленеді. Қазіргі сәнде екі бағыт айрықша көзге түседі: ол – ретроспективалы (өткенге бағытталған) және перспективалы.Қазіргі кезде кез-келген адамның өз қалауынша сәнді киінуіне мүмкіндігі бар. Тіге білетін және осы іске қызыққан адам өзіне ыңғайлы және сәнді бұйым тігіп кие алады.Киім өзінің бастамасын алғашқы қауымдағы шөптен жасалған белдік байламдардан, жануар терісінен денесіне жапқан жабулардан алады. Киімді суықтан, ыстықтан, жараланудан, сырып кетуден сақтап қалу үшін киеді. Киім үшін тек тікелей табиғаттан алынатын, өңдеуді қажет етпейтін материалдарды ғана пайдаланған. Мұндай киім қарапайым болған және әлеуметтік жағынан айырмашылығы болмаған. Тарихи кезеңдерге байланысты адам қауымдарға бөліне бастағаннан кейін, киімді түрлі әлеуметтік, мүліктік белгілері бойынша бөліп қарау туындады. Осыған орай, костюм өзінің жетілуінің ерте кезеңінен бастап адамның қоғамдық өмірінде болып жатқан барлық өзгерістерін көрсетеді.Стиль ( лат. Stylus) – мәнер, сипат, ерекшелік. Сонымен қатар стиль сол дәуірдің мәдениетін, сұлулық туралы түсінігін, қоршаған ортаға қарым – қатынасын көрсететін тұрақты, анық, ерекшеленген дәуір тілі.Киімде бірнеше: классикалық, спорттық, романтикалық және фольклорлық стильдер болады.
1.киімді не үшін киеді?
2стиль дегенімз не?