Mnatsovna
?>

"Ұстаз ұлы тұлға"эссе жазу 100-120сөз зат есім болу керек.​

Казахский язык

Ответы

evatautes

Ұстаз… Оңашада отырып ұстаз туралы ойға кетсем, көз алдымнаақжарқын мінезді, ақ жүректі, жылы жүзді ұстаз бейнесі көрініп, мені қиялға батырып, еріксіз нұрлы естеліктерге жетелей жөнеледі…Ұстаз бейнесі – шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны — әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы. Ұстаз — өзінің бар күшін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне бел буған періште.Ұстаз — бұл қасиетті мамандық иесі, менің арманым бойынша, өте қайырымды, ешкіммен ешқашан сөзге келмейтін, сабақ барысында оқушыға деген қол үшін аямайтын адам…

Ұстаз деген кім? Ұстаз – шәкірттерін білім нәрімен сусындататын адам.  Ұстаз  болу — екінің бірінің қолынан келмес, әрі аса үлкен жауапкершілікті қажет ететін жұмыс. Себебі, ол дәрігер сынды жас түлектердің болашағына жауапты.  Бала өмірге қадам жасаған сәтте оның жолында небір қиындықтар кездеседі, сол кезде өзінің тәжірибесімен бөлісетін а ң өмірінде өшпес із қалдырады. Ата-анамыз біз өмірге келген күннен бастап: жүріп-тұруға, оқуға, санауға, жаза білуге, қоғамдық орындарда өзімізді қалай ұстау керек екендігін үйретеді. Алайда  ата-ананың үйде берілген тәрбиесі жеткіліксіз, өйткені олар балаға өзінің нәрестесі ретінде қарайды. Ата-анамыздан кейінгі ақылымен бөлісер, ар-ұятты бойғы сіңірер бірде-бір адам болса, ол – ұстаз. Ал  мектептегі ұстаз балаға жеке адам, тұлға ретінде қарайды.

Осыдан он жыл бұрынең алғаш мектеп табалдырығын аттап кірген сәтімде күлімдеп қарсы алған, қолымнан жетектеп партаға отырғызып, «Әліппе» кітабын ұстатқан, алғаш әріп үйреткен-менің сүйікті де ең алғашқы ұстазым –Бота Диханбаевна. Ол кісі- менің ақылшым, алғашқы данышпаным, өмірге бағыттаушым болды. Оның жайдары  күлімдеген көздерін үйде күнде көріп үйренгендіктен бе, біраз уақытқа дейін тентектеу болып өстім. Әліппені жаттатпай ұйқы бермейтін. Бұған өте қатты ашуланып, төрт қабырғаның төрт бұрышында да тұрып шыққан да кездерім болды. Қазіргі күнде алғашқы ұстазыма дән ризамын. Өйткені мен алғашқы ұстазымнан білім жолының таза, тура, әділ жол екендігін ұқтым.Бәрімізді өз баласындай көріп, ақыл айтып, көп нәрселерді  үйретіп жүретін осы жанның орны мен үшін қашан да ерекше. Өмірде өз анаңнан кейінгі қадірлі тағы бір адам болса, ол- алғашқы ұстазым.

Бастауыш сыныпта жылап оқыған әліппем, бүгінгі күні маған «Әдебиет» деген үлкен әлемнің есігін ашты. Осы үлкен есікке барар жолды ұстазым Айгүл Мухсинқызынан тапқан болдым. Айгүл Мұхсинқызы-оқу үрдісінде оқушылармен қарым-қатынас үйлесімділік құрған ұстаз. Алғашқы күннен бастап сабаққа деген қызығушылығым оянған болатын. Айгүл мұғалім-өз ісінің шебері. Себебі, бізге қиын кезеңдерде қол ұшын созудан шаршаған емес.Ол кісі — алтыннан да бағалы ойларын, ақыл-кеңесін беруге әрдайым дайын жан.Сынып жұмысынан тыс тапсырмалар беріп, шығармашылығымызды шыңдатады.  Ұстазымның келбетінен өз мамандығын сүйетін мұғалім екендігін бірден түсінуге болады.

     Әр оқушының  пәнді жақсы білуі пәнді оқытатын ұстазына байланысты екені баршамызға белгілі.  Егер оқушы мен мұғалім арасында қарама-қайшылық болса,  ол сабақтың қаншалықты қызық болғанымен де баланың оны білуіне құлқы болмайды, сабақты оқығысы да келмейді. Мұғалімдер өз елінің  жас болашағына тәлім-тәрбие береді, бұдан тек қана баланың өмірі қалыптаспайды, сонымен қатар бұл ұлттың, елдің қоғамы қалыптасады. Қазақстанның өркендеуіне, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуына үлкен әсер етеді.  

…Әрбір шәкірттің өзі сүйген, жылдар бойы тәлім алған ұстазының аяулы бейнесі көкірек көрігінде, жүрек түбінде сақталуы заңдылық. Себебі, ұстаз – баланы адам қылып тәрбиелеп, күлімдеген, күнім деген, сенің жүрегіңе болашаққа мақсат қоя білуге сенім ұялатқан зор тұлға.

nelli-bi6
Менің мамам  (шығарма-сипаттама)  ең аяулы мен - сол менің мамамның. менің ізгі, маматайым ашық-жарқын, жұмсақ, ашық-жарқын назды. ол қатал минутта қолдау және алып бер- ақылды ақылды біледі. ортаның өсуінің менің пішінді мамам, сияқты қайың, және өте әйел.  бас оның тамаша алтынның қылқанды даласын ескертетін бұйра шаштар. менің мамамның көздері көгілдір, сияқты ботакөздерді. олар ізгілікті ылғи ашық, излучающие.  оның ашық-қызыл түсінің еріндері, словно жаңа піскен шиелер. және түсір- усталость бет ол ылғи арайлы жұмсақ күлімсіреу, нешінші көңіл көтер-. мама абыржымастан айтады, жұмсақ сарынмен. тыңда- және онымен сөйлес- қызық және сүйкімді. маматай мен өте сабырлы, көнгіш. оны барлық қадірлейді және сүйеді. мен өзінің мамасының өте өркөкіректенемін.  переводмоя мама  (сочинение-описание)  самый дорогой человек для меня - это моя мама. моя мамочка , добрая, нежная, ласковая, жизнерадостная. она умеет поддержать в трудную минуту и дать дельный совет. моя мама среднего роста, стройная, как березка, и женственная.  у нее прекрасные кудрявые волосы, напоминающие золотое колосистое поле. глаза моей мамы голубые, как васильки. они всегда ясные, излучающие доброжелательность.  губы ее ярко-красного цвета, словно спелые вишни. лицо ее всегда озарено ласковой улыбкой, которая поднимает настроение и снимает усталость. говорит мама спокойно, ласковым тоном. слушать и разговаривать с ней интересно и приятно. мамочка моя терпеливая, покладистая. ее все уважают и любят. я горжусь своей мамой. 
Vladimirovna Yevtodeva

1.Шапқы - түрлі металды қыздырып не құрғақ күйінде кесуге, шабуға, жаруға арналған асыл аспап.

2.Гарпун-ұшы сүйектен жасалған сүңгі

3.Құрастырмалы қарулар-...

4.Терімшілік-Жинау,Теру.Алғашқы адамдар жер бетіне ағаш,бұта басында өсіп тұрған әр түрлі жеміс-жидектерді теру,жеуге жарамды тамырларды қазып алу.

5.Аң аулау-аңшылық ,түз жануарларын аулау кәсібі.

6.Балық шаруашылығы-халық шаруашылығының балық аулау, тасымалдау, қорғау және өсірумен, өңдеумен, су өсімдіктерін жинаумен шұғылданатын саласы.

7.Мұз басу-Жер бетіндегі барлық табиғи мұздықтар жиынтығы.

8.От жағу-күйдіру,жағу,өртеу

9.Үңгір-жер асты суларының әрекеті нәтижесінде утас, доломит, тас тұзы, гипс сияқты тез еритін шөгінді жыныстардың тараған ауданында пайда болатын көлемі әр түрлі жер асты қуыстар.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

"Ұстаз ұлы тұлға"эссе жазу 100-120сөз зат есім болу керек.​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

dsnewline
dawlatowajana
Lyudmila-Popova
MikhailNechaeva
razumeiko0790
langprint
Виталий887
barekyan096140
Наталья_Владимир708
Khlustikova_Borisovna
droshchupkin
Makarov
Kochinev7
Paradismebel
mgrunova3966