Shtorm-Shoe
?>

Үш тіл – заман талабы 22 қыркүйек - ҚР халықтарының тілдері мерекесі. Әр халық өз тілінде сөйлеуге, оқуға құқығы бар. Әр азамат өзінің ана тілін біліп, сүюге, құрметтеуге міндетті. Сонымен қатар, әр адам өзге де тілді үйреніп, оларға да құрметпен қарап, өз кәдесіне жаратып жатса, «Жеті түрлі ілім біл , жеті жұрттың тілін біл» деп ата-бабаларымыз айтпақшы, нұр үстіне нұр болады. Сол себепті де біз бүгінгі шараны ана тілімізге және орыс тілі мен ағылшын тіліне арнаймыз. Біздің еліміз – көп ұлтты мемлекет . Елімізде жүздеген ұлт өкілдері достық пен бейбітшілікте өмір сүруде. Бабалар аманаты - дәстүріміз бен туған тіліміздің аясы кеңейіп, әлемдік өркениетпен ұштастығын тауып жатыр. Соның бір кепілі - ел болып атап өтіп жатқан - тілдер мерекесі. Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. «Әр елдегі қазақ әр елдің тілін мықтап игерсе, ол - білім. Ол шетел тілінде сөйлесе - тіпті жақсы. Бірақ ана тілін тұншықтырып, көміп тастаса - ол кешірілмес күнә» деген Н. Ә. Назарбаевтың сөзін басшылыққа ала отырып, мектепте оқытылатын тілдерден жарыс өткіземіз. Жер шарында 900-ге жуық ұлт өмір сүреді . Қазір біздің планетамызда 5651 тіл бар, ол тілдерде миллиардтан астам адам сөйлейді. Өзінің тілін ана тілім деп атайтын бірден бір халық - қазақ. Өйткені, халқымыз Анасын қастерлеп, қадірлеген. Ең қасиетті, киелі нәрсені Анаға теңеген. Сөз мүшесінің саны жағынан алғанда қазақ тілі жер жүзіндегі 5651 тілдің арасында 70-орында. 1. Мәтіннің не туралы екенін анықтаңыз. A. Тіл туралы B. Өнер-білім туралы C. Еңбекқорлық туралы D. Адамгершілік туралы 2 . Мәтіннің негізгі идеясын табыңыз. A. 22 қыркүйек - ҚР халықтарының тілдері мерекесі. B. Біздің еліміз – көп ұлтты мемлекет. C. Біздің планетамызда 5651 тіл бар. D. Туған тілді құрметтеп, қастерлеу керек. 3. Мәтіннің түрін ажыратыңыз. A. әңгіме B. сұхбат C. ертегі D. мақала 4. Мәтін бойынша дұрыс/бұрыс ақпаратты анықтаңыз. (+ белгісімен белгілеңіз № ақпараттар дұрыс бұрыс 1 Әрбір адам өз ана тілін сүюі құрметтеуі тиіс. 2 Жер шарында 800-ге жуық ұлт өмір сүреді. 5. Төмендегі сөйлемдерден терминдер мен неологизмдерді тауып, мағынасын ашыңыз. Олармен сөйлемдер құрастырыңыз.  Қазақстанда үштілділік білім беру жолдары жүзеге асырылуда.  Лексика – сөз мағынасын зерттейтін сала.  Ұлыбританияда тұратын 10 жасар Соня – полиглот қыз.

Казахский язык

Ответы

Railyan

А.Тіл туралы

D.Туған тілді

D.Мақала

1 әрбір адам өз ана тілін сүю керек

cherkashenko87543

Қазақстанның көрікті жерлері.


Кезекті география сабағы еді.Үй тапсырмасына “Қазақстанның көрікті жерлері” деген тақырып берілді.Мұғалима менің есімімді атап,тақтаға шақырды.Мен:“Қазақ халқында “Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары” деген даналық сөз бар.Сол секілді,менің туған жерімде өзге еш жерде кездеспейтін әсем жерлер мен қасиетті мекендер бар.Сондай мекендердің бірі,“кіші Швейцария” деп аталып кеткен – Бурабай.Ол республикадағы ең танымал туристік бағыт саналады.Бұл жердің әсем табиғаты,көптеген қонақүйлері, шипажайлары әрқайсысымызға ұмытылмас әсер сыйлайды. Сондықтан болар бұл жер халық арасында “екінші Швейцария” деп аталып кеткен. Бұл жерде демалып қана қоймай, ем қабылдауға да бар жағдай жасалған.

Біздің жерімізде сонымен қатар қасиетті де тарихи сәулет ескерткіштері бар.Атап айтсақ:Айша-Бибі, Бабажа қатын, Қарахан кесенелері.Осы жерлерден ерекше рухани күш алуға болады.

Қазақстанға табиғат шеберлікпен сыйлап кеткен жерлер жетерлік.Сондай жерлердің бірі Алматы қаласынан 193 шақырым қашықтықтағы Шарын шатқалы мен Шарын өзені.Мұнда сіз ертедегі халықтардың сан алуан жартасты “қамалдарды” көре аласыз.Әлемде бұндай көріністерді Солтүстік Американың Колорадо штатындағы “Үлкен шатқал” алқабынан ғана кездестіруге болады.Одан кейін Ақсай шатқалы, Алакөл мен Балқаш көлдері, Шымбұлақ курорты, Қорғалжын қорығы, Зайсан көлі, Марқакөл қорығы, Қатон-Қарағай ұлттық саябағы, Жидебай-Бөрілі қорық-мұражайы және т.б.Әрине, бұл тізімді жалғастыра беруге болады.Әлі зерттелмей,еленбей жатқан жерлер қаншама?” – деп өз білген,көргенімді айтып берген болатынмын.Апайым бестік бағаны қойып,басқаларға да осылай өз елінің көрікті жерлерін жатқа біліп жүру керектігін айтқан еді.

Yelena_Irina826

Кен байлықтары.

Қазақстан кен байлықтарының қоры мен әр алуандығы жағынан Жер шарындағы бай аймақтардың бірі. Минералдық шикізат ресурстары еліміздің даму стратегиясын анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Бірінші топқа: экономикалық- саяси мәні бар стратегиялық кен байлықтары жатады: мұнай, газ, көмір, уран, хромит кен орындары. Екінші топқа: Қазақстанның индустриялық бет-бейнесінің негізі болып табылатын маңызды кен байлықтары құрайды: темір, марганец, мыс, қорғасын, мырыш, алюминий және алтын кен орындары. Үшінші топқа: жоғары сұранымға ие қалайы, күміс,фосфор, барит кен орындары кіреді.

Қазақстан – бай ел.

Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын. Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті болып саналады.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Үш тіл – заман талабы 22 қыркүйек - ҚР халықтарының тілдері мерекесі. Әр халық өз тілінде сөйлеуге, оқуға құқығы бар. Әр азамат өзінің ана тілін біліп, сүюге, құрметтеуге міндетті. Сонымен қатар, әр адам өзге де тілді үйреніп, оларға да құрметпен қарап, өз кәдесіне жаратып жатса, «Жеті түрлі ілім біл , жеті жұрттың тілін біл» деп ата-бабаларымыз айтпақшы, нұр үстіне нұр болады. Сол себепті де біз бүгінгі шараны ана тілімізге және орыс тілі мен ағылшын тіліне арнаймыз. Біздің еліміз – көп ұлтты мемлекет . Елімізде жүздеген ұлт өкілдері достық пен бейбітшілікте өмір сүруде. Бабалар аманаты - дәстүріміз бен туған тіліміздің аясы кеңейіп, әлемдік өркениетпен ұштастығын тауып жатыр. Соның бір кепілі - ел болып атап өтіп жатқан - тілдер мерекесі. Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. «Әр елдегі қазақ әр елдің тілін мықтап игерсе, ол - білім. Ол шетел тілінде сөйлесе - тіпті жақсы. Бірақ ана тілін тұншықтырып, көміп тастаса - ол кешірілмес күнә» деген Н. Ә. Назарбаевтың сөзін басшылыққа ала отырып, мектепте оқытылатын тілдерден жарыс өткіземіз. Жер шарында 900-ге жуық ұлт өмір сүреді . Қазір біздің планетамызда 5651 тіл бар, ол тілдерде миллиардтан астам адам сөйлейді. Өзінің тілін ана тілім деп атайтын бірден бір халық - қазақ. Өйткені, халқымыз Анасын қастерлеп, қадірлеген. Ең қасиетті, киелі нәрсені Анаға теңеген. Сөз мүшесінің саны жағынан алғанда қазақ тілі жер жүзіндегі 5651 тілдің арасында 70-орында. 1. Мәтіннің не туралы екенін анықтаңыз. A. Тіл туралы B. Өнер-білім туралы C. Еңбекқорлық туралы D. Адамгершілік туралы 2 . Мәтіннің негізгі идеясын табыңыз. A. 22 қыркүйек - ҚР халықтарының тілдері мерекесі. B. Біздің еліміз – көп ұлтты мемлекет. C. Біздің планетамызда 5651 тіл бар. D. Туған тілді құрметтеп, қастерлеу керек. 3. Мәтіннің түрін ажыратыңыз. A. әңгіме B. сұхбат C. ертегі D. мақала 4. Мәтін бойынша дұрыс/бұрыс ақпаратты анықтаңыз. (+ белгісімен белгілеңіз № ақпараттар дұрыс бұрыс 1 Әрбір адам өз ана тілін сүюі құрметтеуі тиіс. 2 Жер шарында 800-ге жуық ұлт өмір сүреді. 5. Төмендегі сөйлемдерден терминдер мен неологизмдерді тауып, мағынасын ашыңыз. Олармен сөйлемдер құрастырыңыз.  Қазақстанда үштілділік білім беру жолдары жүзеге асырылуда.  Лексика – сөз мағынасын зерттейтін сала.  Ұлыбританияда тұратын 10 жасар Соня – полиглот қыз.
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Yulechkaakulova1993
julia3594265843
katekn6032
Маргарита794
gostivdom302
Лебедев972
Тамара_Григорьевна897
Ермакова Ирина674
AkimovaI1608
Evsevia-a
matveevaev81
lezzzzka5510
denchiklo2299667
colus77
Yevgeniya1807