Kochinev7
?>

тапсырма  40 бетте. Суреттер бойынша "Сауда орталығында" тақырыбында диалог құраңдар. Составьте по картинкам диалог на тему "В торговом центре".​

Казахский язык

Ответы

baeva-larisa8165

ответ"Сауда орталығында".

– Қайырлы таң!

– Сәлеметсіз бе! Бүгін сүт өнімдері келді ме?

– Ия, қазір ғана келді. Сіз қандай сүт өнімін алайын деп едіңіз?

– Маған бір келі ірімшік, бір литр қолдың қаймағы мен жарты келі май өлшеп беріңізші.

– Жақсы Мінеки. Тағы бір нәрсе берейін бе?

– Құрт қаншадан?

– Құрттың бағасы әр түрлі, бір данасы мөлшеріне қарай 50 теңге мен 100 теңге арасында.

– Маған әрқайсысынан екеуден сала салыңызшы.

– Жақсы. Барлығы 4250 теңге болды. Нан аласыз ба? Жаңа піскен нан. Түрлі тәтті тоқаштар да бар.

- Иә, жаңа піскен болса, екі нан беріңіз. Сосын ірімшік пен бал қосылған тоқаштан да екеуден сала салыңыз. Барлығы қанша болады?

- Нан мен тоқаштарды қосқанда 4800 теңге болды.

– Мінеки. Ет бөлімі қашан ашылады?

– Сауда жасағаныңызға көп рахмет, келіп тұрыңыз! Ет бөлімі осы демалыстан бастап жұмыс істейтін болады.

– Жақсы. Сау болыңыз!:

Объяснение:

oloinics
Өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін сүймейтін адам жоқ. Менің туған елім – Қазақстан. Даласы, таулары биік өр, халқы мейірімді ғажайып өлке. Республикның өз алдыма дербес мемлекет болып, тәуелсіздігін алғанына биыл 31 жыл толғалы отыр. Осыны ойласам кеудемді үлкен қуаныш сезімі кернейді. өз еліңде бақытты, тыныш өмір сүргенге не жетсін! Алыс-жақын елдерде соғыс болып жатқанда, біздің аспанымыз ашық, өміріміздің бейбіт болғанына қуанамын. Сол бейбітшіліктің арқасында күліп-ойнап жүрмін. Мен болашаққа нық сеніммен, үлкен үмітпен қараймын.
znaberd786

Объяснение:

Отарлау саясаты жергілікті халықты тұралатып, қанаумен жүргізілетін, күшті державаның артта қалған ел мен халыққа аумақтық бақылау орнату саясаты әрі іс-әрекеті. Батыс еуропалық отарлау саясаты өзінің қалыптасу кезеңінде әлемдік экономиканың аса күшті даму тетігіне айналды, өйткені, отар елдер метрополияларда капиталдың жинақталуына және олардың тауарларын өткізуге қолайлы нарық туғызды. Сауданың бұрын-соңды болмаған кеңеюі нәтижесінде әлемдік нарық қалыптасты, ал, экономиканың қыз-қыз қайнауы Жерорта теңізінен Атлантикаға ойысты. Көптеген еуропалық портты қалалар (Лиссабон, Севилья, Лондон және т.б.) сауданың күшті орталықтарына айналды

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

тапсырма  40 бетте. Суреттер бойынша "Сауда орталығында" тақырыбында диалог құраңдар. Составьте по картинкам диалог на тему "В торговом центре".​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*