Zezyulinskii Fedor
?>

Өмір сүру, табиғаттан алу, бағалай білу, теңеу, немқұрайлы қарау, апатқа соқтыру, қоршаған ортаны ластау, құрғап қалу, жоғалып кету, пайдалану, ереже бұзу, қатар тұру, қамқорлық жасау, есте сақтау, қоршаған ортаны қорғау, үлес қосу, гүл егу, тал отырғызу

Казахский язык

Ответы

BirUlek215

Адам таза ауаны табиғаттан алады. Қоршаған ортаны қорғамасақ қоршаған орта ластанып құрғап, жоғалтып кетуі мүмкін. Керісінше далаға гүл егіп, тал отырғызуымыз керек.

slitex

ответ:

кез келген мемлекеттің болашағы – білімді жастар. білімсіздің күні қараң. көзі ашық, көкірегі ояу кез келген білімді ұрпақ өз отанын жолында аянбай тер төгеді. қазіргі бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заманда «алма піс, аузыма түс» деп жатудың өзі әбестік. жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық шақта ел болашағы үшін еңбек ету әркімнің міндеті.

бүгінгі жас болашақ қазақстанның жанды бейнесі. жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті саналады. қандай мықты мемлекет болмасын жастардың білімі мен оқу-ағарту ісіне көп көңіл бөледі. келешектің іргетасын қалау үшін, ең алдымен сол елдің жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу керек. қазіргі таңда елбасымыз дәл осы бағытта көптеген жұмыстар атқаруда. әрбір жастың алаңсыз, білім нәрімен сусындауына барынша жағдай жасалған. нұрлы болашақтың даңғыл жолында шабысы қатты тұлпардай жүйткіген қазақстанның жастары текті ұлттың ұрпақтары екеніне келер күн мен атқан таң бірден-бір куәгері болмақ.

объяснение : перевод на ?

Ирина-Макаркина253

Қазір тапсырыс беріп үлгеріңіз. Себебі, небәрі 7 күннен соң олимпиада аяқталады.

ЗИЯТКЕРЛІК ОЛИМПИАДА

Халықаралық олимпиада тізімін көру

Облыстық олимпиада тізімін көру

Республикалық олимпиада тізімін көру

ЭССЕ "Білім кілті – кітапта"

Материал туралы қысқаша түсінік

Мұғалімдерге арналған

Магрупова Гульстан Жумакелдиевна

06 Ақпан 2019

171

0

Қазақ тіліЭссе, шығарма, мазмұндамаБасқаDOCX

Материалды жүктеу

Материалдың толық нұсқасы

Білім кілті – кітапта

(эссе)

Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, кітапханадан табамыз. Кітапхана – оқырманмен кітап арасындағы алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы – кітапханашы. Қызығы мен қиындығы мол кітапханашы мамандығы туралы бір-ақ ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес, жұрт көп біле бермейтін, көп елене бермейтін, бірақ дүйім оқырманның кітап жайлы бағыт-бағдар алуы үшін жан-тәнімен беріліп қызмет атқарып жатқан кітапханашының еңбегі ұшан-теңіз. Қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылар – ең қажет, абыройлы мамандық иелері. Ойы зерек, қиялы жүйрік, өзінің кәсіби шеберлігін шындаған, оқырмандарға білім мен қажетті ақпараттың тиімдісін демдеп беріп отырған, ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, парасатты кітапханашылардың орны да өзінше бір бөлек. Бүгінгі күні кәсіби шеберлік- кез келген маманның қоғамдағы сұранысы мен орнын анықтайтын басты ұстаным. Әр маман иесінің қызмет көрсету деңгейі ең әуелі қызметкерлердің кәсіптік деңгейімен анықталады. Алдына келген ауру адамға ем жазатын дәрігер болса, алып жатқан білімін қосымша оқу-біліммен толықтыруға көмектесетін мамандық иесі- кітапханашы. Кәсіби шеберлік, білімділік, әсіресе кітапхана саласы ақпаратты беру мен табу, іздестіру жолдарын білуде кітапханашы мамандар бірінші кезекте. Біздің кітапханамыз мектептің бір бөлігі. Жаңа заман компьютер дәуірі болғанымен рухани азық іздеген, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы – кітапхана. Біздің барлығымызға да ортақ міндет- әрбір оқушының өзінің керек кітабын тауып қажет ақпараттармен қамтамасыз етіп, өзіндік тұлғасын қалыптастыруына жағдай жасау. Кітапханашы мамандығы өзінің өте қызықты да, тартымдылығымен ерекшелінеді. Себебі, кітапханамызда күн сайын жаңалыққа толы сәттер, жаңа келген газеттер, журналдар, жаңа кітаптар және күн сайын келіп кітап алып жатқан оқушылар бізден кереккітаптарын алып қана қоймай, сонымен қатар өздеріне керекті кең мағлұматты кітапханашыдан алып жатады. Осылай кітапханамызда жұмыс күні жалғасып жатады. Кітапханашының жұмысы жаңалыққа құмарлықтан басталады. Сөйтіп, кітапханашы мен оқырмандардың және ұстаздар, ата-ана, қоғамдық ұйымдарымен бірлескен іс-шаралар жалғасады. «Білім мен тәрбие құстың қос қанатындай» - дегендей, бала бақыты білім. Білімі көп адам құралы сай ұста секілді, не істесе де келістіріп істейді. «Тамыздығын тапсаң, тас та жанады» деседі халқымыз. «Тәрбие адам етеді, тәрбиесіздік надан етеді» дегендей дұрыс тәрбие балаға өмір бойы азық. Ыбырай Алтынсариннің «Туы бірдің түбі бір, жолы бірдің жүгі бір» деген аталы сөзіне ден қойсақ, бала тәрбиесі баршамызға ортақ. Ендеше тәрбие бар жерде мақсат бар. Мақсат бар жерде білім басты қажеттілік болмақ.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Өмір сүру, табиғаттан алу, бағалай білу, теңеу, немқұрайлы қарау, апатқа соқтыру, қоршаған ортаны ластау, құрғап қалу, жоғалып кету, пайдалану, ереже бұзу, қатар тұру, қамқорлық жасау, есте сақтау, қоршаған ортаны қорғау, үлес қосу, гүл егу, тал отырғызу
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*