Робинзон Крузоның бір күні.
Белгілі жазушы Даниэль Дефоның "Робинзон Крузо" атты романын білмейтін адам жоқ шығар,сірә.Мектеп кезінде кітапта берілген үзіндісін оқыдық,фильмін де көрдік.Кейіпкердің иесіз аралда жалғыз өзі шамамен жиырма сегіз жыл бойы өмір сүріп,тірі қалуы барлығымызды да таңдандырады.Ал Робинзон Крузоның әр күні бір-біріне ұқсамайтын.Әр күнде жаңа жаңалықтар,қиындықтар болды.Енді Робинзон Крузоның өз күнделігіне жазғандай бір күні,яғни оның ішіне алғашқы күніне тоқталып өтейік.
Ол өз күнделігінде бұл күнді "1659 жылы,30 қыркүйек" деп көрсеткен еді.Бұл оның кемесінің апатқа ұшырып,тек өзіның аман қалып,ессіз аралға тап болған күні.Түн ортасына дейін оны неше түрлі ойлар мазалады.Әрине,ол ойлар:аштық,үйінің жоқтығы,киімі мен қаруының болмауы еді.Оның жаудан қорғанатын жері де болмады.Робинзон Крузо алда тек өлімді күтті.Оны не жыртқыш аңдар,не жабайы адамдар жейді,не болмаса ол өзі аштықтан өледі.Осындай ойлармен ол ағаш түбіне жатып,жаңбыр жауып тұрса да қатты ұйқыға кетеді.Ия,бұл – Робинзон Крузоның бір күні.Бұл туындыдағы бас кейіпкер өзінің қайсарлығы,батылдығы мен ептілігінің арқасында тірі қалған еді.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мәтінді 2 рет мұқият оқып, кестедегі ақпараттардың дұрыс немесе бұрыс екенін анықтаңыз.Мақсаттың атасы әбден қартайды. Аяғы жүруден, көзікөруден, құлағы естуден қалды. Аузындағы тістерініңбарлығы түсіп қалғандықтан, ішкен асы аузынан ағыпкететін де кездері болды. Ұлы мен келіні атасын отбасыменбірге үстел басына отырғызбай, тамағын бөлмесіне тасыпберіп жүрді. Бірде келіні көжені шыны аяққа құйып әкелгенеді. Қарттың қолы дір-дір етіп, ыдысты жерге түсіріп алды.Ашуланған келіні: «Үйдегі барлық шыны аяқты сындырыпбітірдіңіз! Бұдан былай сізге барлық тамақты итаяққақұйып беретін боламын!» - деп ұрысты.Бір күні ерлі-зайыптылардың ағашпен ойнап отырғанұлдарына көзі түсті.Әкесі: «Не істеп отырсың, Мақсат?» - деп сұрады. «Сендерқартайғанда тамақ құйып беретін итаяқ жасап отырмын.Атам сияқты сендерді де жеке бөлмеде тамақтандыратынболамын», - деді Мақсат ата-анасына қарап, Мақсаттан бұндай жауапты күтпеген ата-анасы бұлсөзді естіп, жылап жіберді.Өздерініңқарттыренжіткендеріне қатты ұялып, өз қателіктерін мойындады.Сол күннен бастап, Мақсаттың атасы дастарқан басындаотбасымен бірге тамақтанатын болды. Ал ұлы мен келініқарияға қызмет көрсетіп, асты-үстіне түсіп отыратынболды.Ақпараттар+дұрысбұрыс
«Сіз үшін отбасының маңызы қандай?» диалог.
Мейрамбек: Әпке, осы «Отан отбасынан басталады» деп жатады үлкен кісілер, осы сөздердің мағынасы қандай?
Алтыншаш: Жаным, шындап келгенде, әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді. Себебі, отбасының бала тәрбиесінде алар орны ерекше, баланың қалыптасуы отбасынан бастау алады.
Мейрамбек: Сонда, біздің отбасымыз да Отанның бір бөлшегі сияқты ма?
Алтыншаш: Дұрыс айтасың, әрбір отбасы қоғамның бір мүшесі ретіндей. Отбасының адам өмірінде алар орны мен маңызы ерекше.
Мейрамбек: Ал отбасының қандай маңызы бар?
Алтыншаш: туған үйдің жылуы адам көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ата мен ананың тәрбиесі қатар жүрген жерде жақсы азамат қалыптасатыны сөзсіз. отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі.
Мейрамбек: Мен сіздің арқаңызда бұл терең ұғымның мағынасын енді ғана түсінген сияқтымын. Рахмет сізге!
Алтыншаш: Оқасы жоқ, алтыным!