Қосымшаның түрлері.
Қазақ тілінде қосымша жалғау, жұрнақ болып екіге бөлінеді. Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз: жұмыс – жұмысшы, ойын – ойыншық, оқу - шы, бала - лы, орын - дық, сыр - мақ т.б.
Ал сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз: жұмыс – жұмыста, ойын – ойынға, дәптер – дәптерді, көше – көшеде.
Қазақ тілінде жалғаудың 4 түрі бар:
1. Септік жалғау;
2. Көптік жалғау;
3. Тәуелдiк жалғау;
4. Жіктік жалғау.
Қазақ тіліндегі жұрнақ мағынасы мен қызметіне қарай екіге бөлінеді:
1. сөз тудыратын жұрнақтар өзі жалғанған сөзінен жаңа сөз тудырады. Мысалы, “жылқы - шы”, “біл - ім”, “жасы - қ”, “таға - ла”;
2. сөз түрлендіретін жұрнақтар өзі жалғанған сөзіне үстеме мағына қосып, сөздің тұлғасын өзгертеді. Мысалы, “көк-шіл”, “көк(г) - ірек”, “сары - лау”, “сары - рақ”, “жаз - ып”, “жаз - ғалы”. Жұрнақтар сөзге белгілі бір жүйеде рет - ретімен жалғанады.
Түбірге тете сөз тудыратын жұрнақтар, одан кейін сөз түрлендіретін жұрнақтар, бұлардан соң жалғаулар орналасады. Жұрнақтар түбірге де, туынды сөзге де жалғанады (“бас - шы”, “басшы - лық”, “ұйы - м”, “ұйым – дас – тыр – у – шы”).
Достық (жұрнақ) Адамдардың достығы әдетте жыл өткен сайын беки түседі.
Досым (жалғау) Менің досымның есімі - Арнұр.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Сіз отбасыңызбен қалада тұрасыз. Жазғы демалыс кезінде атаңыз бен әжеңіздің ауылына бардыңыз. Ауылда көрген қызықтарыңыз бен атқарған жұмыстарыңыз туралы 3 күніңізді сипаттап, күнделік жазыңыз.
1 күн.
Менің атам мен әжем ауылда тұрады. Мен бүгін, жазғы демалысқа ауылға келдім. Атам мен әжем мені қуана қарсы алды. Бұл күнді мен әжемнің қасында өткіздім, өйткені мен оларды қатты сағындым.
2күн.
Бүгін таңертең ерте тұрдық. Ауылда таңертеңгі мезгілдің ауасы өте тамаша. Ертемен атам екеуміз малдарды өріске шығардық. Түсте бәріміз көлге шомылуға бардық. Кешке кешкі салқынмен, ұзақ әңгіме құра отырып, әжемнің тәтті шайын іштік.
3 күн.
Бүгін де ерте тұрдық. Ауыл таудың етегінде орналасқан. Мен ауылдағы достарыммен бірге тауға демалуға шықтым. Табиғат өте керемет! Бұл күн де өте керемет өтті.