Мен ән айтуды ұнатамын. Мәнді, мағыналы әндер айту арқылы халықтың өнерге деген талғамын жоғары еткім келеді. Бүгінде әнші көп. Бірақ жаңадан шығып жатқандардың көбі әннің мағынасына көңіл бөле бермейді. Ән арқылы не айтқысы келетінін де білмейтіндер көп. Сондықтан қазақ өнерін мәнді, жақсы әндермен толықтырсам деймін. Оған қоса биді де ұнатамын. Жалпы а ң жан жақты, өнерлі болғаны, алға ұмтылғаны дұрыс.
Өнер иесі болғандықтан адам жан-жақты болуы тиіс. Сондықтан мен ең алдымен білімімді жетілдіріп, өзімді мәдениетті, білімді, өнерлі, адамгершілігі мол ете түскім келеді. Халықпен өнеріңмен бөлісу үшін, өзіңе талап қоя білуің керек деп ойлаймын. Жоғарыда аталған дүниелер бойымда болмаса, онда өнердің де қасиетін кетірерім анық. Өнерлі болу арманым болғандықтан, халқыммен тек жақсымен бөлісу үшін өзімді шыңдай түскім келеді.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Осы сұрақтарға жауап керек
Әжем бүгін өте қуанышты. Мен өзіміздің жарқын болашағымызға қуанамын. Інім дүниеге келгенде қатты қуандым.
Сенің әңгімеңнен жақсы әсер алып отырмын. Кешегі оқиғадан оң әсер алдым. Келешекте мен өзгелер әсер алатын істер атқаратын боламын.
Мен бүгін көптеген кітаптар сатып алдым. Мен кеше жақсы телефон алдым. Біз келер жылы жаңа үй сатып аламыз.
Ініме мен қазір қосуды үйретіп отырмын. Біз кеше өз тобымызға жаңа ойыншылар қосып алдық. Біздің сынып өткен жылы басқа сыныппен қосылды. Ол жаңа шамды өшірді. Біз кеше жарықты өшірдік. Ертең бүкіл қалада жарықты өшіреді.