Қожа Ахмет Ясауи (1093-1166) - қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, сопылық поэзияның негізін салушы, күллі күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған ұлы ойшыл, діни қайраткер. Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Ясауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезінен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Бала Ахметтің басты ұстазы, тәрбиешісі аталас туысы болып келетін Арыстанбаб болды. Ол өмірден қайтқаннан кейін Ахмет 17 жасында Йасы қаласына келеді.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
3.Сұрақтарға жауап беріңіз. Қожа Ахметтің өзі туралы бастап айтатын үзіндісі берілген. БұлХикмет сюжетінің қай бөлігі?Жеті жаста Арыстан баб келді маған, 1.Хақ Мұстафа аманатын берді маған.Сол сәтінде-ақ көңілім тауып баян, НәПСім өліп, Тәңірі жолына түстім мен де.1.Бұл — сюжеттің басталуы, себебі автор өзі туралы баяндауды жетіжасынан бастайды.2.Бұл — сюжеттің шешімі, өйткені автор Тәңірінің жолына түсу себебінаяқтайды.
1.Бұл — сюжеттің басталуы, себебі автор өзі туралы баяндауды жеті
жасынан бастайды.
Объяснение:100%