PoleshchukTatyana
?>

С.3. «Егер мен мектепте басқару жұмысын жүргізсем, нені өзгертер едім?» деген тақырыпта қысқаша әңгіме жаз.​

Казахский язык

Ответы

KrisTinka

Менiң демалыс күнiм – жексенбi.Осы күнi мен төсектен сағат онда тұрамын.Жалғыз демалыс күнi болғаннан кейiн,әбден ұйқымды қандырғым келедiЖуынып, таңғы асымды iшемiн.Содан кейiн үй шаруасына көмектесемiн.Көмектесiп болып,достарыммен кездесемiн.Демалыс күнiң қызықты өткiзу үшiн, бiз демалыс паркiне немесе театрға барамыз.

Маған театрға бару ұнайды.Онда көркем классикалық қойылымдар болады.Мүмкiндiк болса,табиғатта жанұяммен

 өткiзгендi ұнатамын.Қазiргi таңда қала ауасы таза емес.

Сондықтан қала сыртында демалған дұрыс деп санаймын.

Жексенбi күнi ауа райы ашық болғаны абзал, өйткенi көшеде серуендеуге қолайлы.Егер күн бұлт болып, жаңбыр

жауып тұрса,амалсыз үйде отыруға тура келедi.Кешке қарай жанұямызбен үлкен үстел басында жиналамыз. Қызықты әнгiмелер айтып, тоқашпен шәй iшемiз. Қарындасымның пианино ойнағанын тамашалаймыз.

Менiң ойымша мен демалыс күнiмдi қызықты өткiземiн.

arionul-secondary2

Төлеген Айбергенұлы Айбергенов (08.03.1937 , Қоңырат ауданы, Қарақалпақстан, Өзбекстан - 29.08.1967, Нүкіс қаласы, Қарақалпақстан, Өзбекстан) - ақын.

Төлеген Айбергенов 1937 жылы 8 наурызда Қаракалпақ елінің Қонырат деген жерінде дүниеге келген.1959 жылы Ташкенттің Низами атындағы педогогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітіріп,туған ауылында мұғалімдік қызмет атқарады.

Низами атындағы Ташкент педагогикалық институтын бітірген (1959). 1959-62 ж. Қоңырат аудындағы орта мектепте мұғалім, 1962-65 ж. Шымкент облысының Сарыағаш ауданындағы кешкі жастар I мектебінде директор. 1965 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы әдебиетті насихаттау бюросында қызмет істеді. Айбергеновтың өлеңдері республикалық ба зде 1957 жылдан жарияланды. Туған жерге деген албырт сағыныш пен мөлдір махаббатқа толы бір топ өлеңдері 1961 жылы шыққан "Жас дәурен" атты топтама жинақта басылды. Отанға, туған елге деген сүйіспеншілігін, замандастарымыздың рухани сезім байлығын, ізгі тілеу, ақ ниетін жарқырата ашқан, қазақ поэзиясында өзіндік жаңа ыррақ, тегеурінді екпін әкелген поэтикалық жыр кітаптары - "Арман сапары" (1963), "Өмірге саяхат" (1965), "Құмдағы мұнаралар" (1968), "Мен саған ғашық едім" (1970), "Аманат" (1975), "Бір тойым бар" (1981), балаларға арналған "Бақшаға саяхат" сурет-кітапшасы (1985) жарық көрді. Сондай-ақ орыс тілінде "Мир созвездья" (1987) деген атпен таңдама-лы өлеңдері аударылып басылды. Айбергеновтың "Ақ ерке, Ақ жайық", "Жаңғырған Маңғыстау", "Қазақстан", "Сені ойладым", "Мені ойла", "Ақ қайыңдар", "Бір тойым бар", т. б. өлеңдеріне жазылған әндер ел арасына кеңінен танымал. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1974, қайтыс болғаннан кейін). 1997 ж. ақынның "Таңдамалы өлеңдер" жинағы мен ол турапы жазылған "Біргемін мен сендермен" атты естелік кітабы жарық көрді.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

С.3. «Егер мен мектепте басқару жұмысын жүргізсем, нені өзгертер едім?» деген тақырыпта қысқаша әңгіме жаз.​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

kmb1960679
Zhilinoe134
salahovta
artemy682719
vnolenev
alekseisamohvolov7
baulinanatalia7201
MaratФам
e3913269
Elshel8694
anton
Batishcheva
most315
Anatolevich_Kulikov1229
Nazart44446