Қосарлама қос сөз: в)ығы-жығы
1. Қос сөздердің жасалу жолдары.
Екі сөздің бір-бірімен қосарлануы я бір сөздің қайталануы арқылы жасалып, біртұтас лексикалық мағына беретін сөздерді қос сөздер дейді: жөн-жоба, ойын-күлкі, асықпай-саспай, айта-айта, сауық-сайран т.б.
Қос сөздер екі түрлі: 1) қайталама қос сөздер, 2) қосарлама қос сөздер.
Қайталама қос сөздер- бір сөздің қайталануы арқылы жасалады: ойдым-ойдым, жалп-жалп, сала-сала, үйден-үйге, бетпе-бет.б.
Қайталама қос сөздердің 4 түрлі жасалу жолы бар:
1.Қосымшасыз бір түбірдің қайталануынан жасалады.Мысалы,жылға-жылға,су-су,қарқ-қарқ,тау-тау,ұсақ-ұсақ т.б.
2.Қосымшалы бір түбірдің қайталануынан жасалады.Мысалы: ауызба-ауыз, көзбе-көз, үй-үйге, өзінен-өзі, өзімен-өзі т.б.
3.Түбірдің бір сыңары дыбыстық өзгеріске ұшырап жасалады.Мысалы: кісі-місі, қағаз-мағаз, жалт-жұлт, тас-мас нан-пан, кемпір-семпір т.б.
4.Бір сыңары ықшамдалып жасалады.Мысалы, теп-тегіс, жап-жасыл, ап-ащы, сұп-сұр т.б.
Қосарлама қос сөздер- сөздердің бір-бірімен мен қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы: ағайын-туған, ата-ана, ел-жұрт, қадір-қасиет т.б.
Қосарлама қос сөздер 5 түрлі жолмен жасалады.
1.Сыңарлары синонимдес болып келеді.Мысалы, ашу-ыза, өнер-білім, қазан-ошақ, төсек-орын, мінез-құлық т.б.
2.Сыңарлары антонимдес болып келеді.Мысалы, оңды-солды, әрі-бері, үлкенді-кішілі, ілгері-кейін т.б.
3.Бір сыңары мағынасыз болып келеді.Мысалы, бала-шаға, киім- кешек, кедей-кепшік,емін-еркін т.б.
4.Екі сыңары да мағынасыз болып келеді.Мысалы,анда-санда, ығы-жығы,ту-талақай, ұйпа,тұйпа т.б.
5.Сыңарлары әр түрлі сөздер болып келеді.Мысалы, ғылыми-көпшілік, саяси-әлеуметтік, этно-мәдени,үнді-еуропа т.б.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Үші (Пример Қазақстан мерт аймаққа бөлінеді. Қазақстан етише аймаққа белінеді?1) Қазақстан – тәуелсіз мемлекет2) Нұр-Сұлтан қаласы солтүстік аймақта орналасқан.?3) Мектептің төбесінде Мемлекеттік Ту желбірейді.4) Қаланың сыртында өзен ағып жатыр.5) Ағамның келiгi мейрамхананың алдыңа пр.6) Шегарашы шегараны күзетеді