vvb1383
?>

Қалмақтан алған көп олжа Әділдікпен батырыңЖиып алып көп халқын, Бөліп берді еліне, Риза болды бәрі деҚобыланды сынды еріне...​

Казахский язык

Ответы

Александр1991
Шындық деген шымылдық біреулерге,
Қалқа қылып шындықты жүрер пенде.
Шымылдығын шындық кеп жұлып алса,
Шыбыны ұшып, бейшара кірер жерге, –
деген өлең жолдары санамда сан рет қайталанып жүр. Қазіргі заманда өз орны бар өткір өлең. Шындық, иә, шындық... Бұл сөзді көп адамдар ұната бермейтіні хақ. Себебі шындық бар жерде ғана шынайы бейне қалыптасады. Мен жүрген жерде, мен сүрген ортада көбіне ақиқаттың ауылы алыстан көрінеді. Неге дейсіз бе? Себебі адамдардың өзі шындықтан гөрі жасандылыққа көп мән беред­і.
А ұлттық рух деген болады. Ұлттық рухты ақыл айту­мен жетілдіруге болмай­ды. Ақиқатты айтаты­н адамдар көбі­не басшылық жасап отырған «билікші» адамдарға ұнамай жатады. Себебі шындық біреулерді шырмап тас­таса, енді біреулердің «жанды» жерін «тырнап» тастауы мүмкін. Ақиқатты айту үшін бірінші арыңның алдында есеп бересің. Ар-ұждан ақиқаты үкім жасағ­анда барлық бүк­пе­сіз шындықты айтып саласың. Шындықты айтсаң бетіңнен шармай алып, шыбын жа­ны шырқырап не­месе шымбайына қаттырақ батса, шоршып түскен шортандай иірі­ліп не суға түскен сабындай сусылдап кете баруы мүмкін көрі­ніс­тер орын алады. Өтірік - тәтті, әрине, өмірі қыс­қа, ал шындық - ащы, бірақ өміршең.
Неге қазір адамдардың басым бөлігі шындық­тың шырмауынан қорқып, өтіріктің өрмегін құрады. Кейде сырттан бақылап отырсаң, ертегі кейіпкерлері көз алдыңа елес­тейді. Мысалы, аң патшасы арыстанның алдын­да түлкідейін түрленіп шығатын, алдында айтатын сөзін де, образ­ға кіретін жасанды түрін де дайындап жүретін бейнедегі адамдарды көп байқаймын. Ол ол ма, аю сияқты ұйқыны жақсы­ көретін, бал сияқты өмірі тәтті және бір қалыпты өтетін бейнелерді де көреміз. Әрине, бұлардың барлығы өздері­не жақсы, себебі «ауырдың үстімен, жеңіл­дің астымен­» өте шыққаны жақсы емес пе? Құдды бір ертегі әлемінде жүргендейміз. «Мақтау сөздер рухты топастандырады» демекші мадақ­таудың мәнін асырып, жағымп­аздықтың жаңаша түрлерімен (әртүрлі жағдайда) әспеттеп, әсірелеп жатқа­ны. «Өркөкірек адам шыншыл бола алмайды, олар өшпенді, тырысқақ және өкпешіл келеді» дейді Мырзагелді Кемел.­ Өте орынды, өркөкірек адамның кеудесі көкте қалықтап жүргенде, қарапайым адамның ақиқатын айтам деген жанай­қайын не қылсын? Айтқан жағдайда атып кетеді не сатып кетеді, ол болмаса «шамын»­ қолына алып шарқ ұрып қыр ізіңде жүреді, сыпсыңдап сыртыңнан әңгіме айтып, айтқаның үшін отқа да салып, суға да батырып жатады. Жалғандық пен жасампаздақ өміршең дүние емес қой. Адамдардың осыны біле тұра жандарына жақын тұтатыны ойландырады. «Билікші би-көкелердің» алдында иіліп төсек, жайылып жастық болып, өз бейнесін жасанды сомдағанда ар алдында есеп бермейтін бол­ғаны-ау деген ой келе­ді. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» дегендей «турадан» гөрі үш қайнаса да сорпасы қосылмайтындардың «туған» болып шыға келетінін қайтерсің. Д.Қонаев «Бүйрегім бұрып, бұра тартсам, өзге түгілі, өз қадіріме жеттім дегенім - бекер» деген сөзі әр азаматтың жүрегінде тұрса дейсің. Жалған сөздің жетегінде кетіп, «бүйрегіңнің бұрғысы келетін жаққа қарай» бағыт алсаң, қадір туралы әңгіме қозғаудың өзі артық. Бірақ қазір қадірдің де құны қалмаған-ау. Кейде бұрынғының билігінде болып,­ зейнетке шыққан абзал азаматтарды көргенде, осылардан неге үлгі алмасқа дей­сің. Себебі, қызметтен кетсе де, кішілік пен кісіліктен кетпеген.
«Заманың тазы болса, түлкі болып шал» деген мақалды көп адам асыра пайда­ланып жатыр-ау. Иә, заманның ағымына қарай, «түлкі» болып өмір сүрген де жақсы­ шығар, алайда ақиқаттан аттауға бол­майды ғой. Қара қылды қақ жарған, тура жолда­н таймаған, қазақы сөздің қаймағын қалқып ішкен, аузы дуалы билердің ізін жалғастырсам деген іштей арманым бар. Кейде қаншалықты турасын айтсаң да, әділдіктің орны аяқ астында қалып қоятынына қарным ашады. Халық - сыншы. М.Кемел тағы бір сөзінде: «Адам айна сияқ­ты. Айнаға жылы шырай танытсаң - күлімсірейді, ашулансаң - ол да ашуланады» деген екен. Адам - халық, халық - айна. Халықпе­н санаспай, биікке көтерілемін деу - ақымақтың ісі. Шындықты жасырып, «аузымен орақ орып, тілімен оны баулап» көпшілік алдында «көпіріп» отырады. Халық қаласа суға да батырады, көкке де көтереді. Әдемі сөзбен әспеттеп, әділін айттым деп астарлап сөйлеудің де өз орыны бар. Осындай мәселеге­ келгенде затым әйел болса да намыстанам. Намы­ссыз еркек болғаннан, намысты әйел болғаным жақсы. Сондықтан көп жерлерде ақиқатын айтып, әділдікті әспеттеп отыратыным көп адамдарға жаға бермейді. Жақпай қалам деп те ақиқаттан аттамаймын. Өйткені:
Біреулерді тұрса да басып қайғы,
Шын жүреді көңілін жасытпайды.
Шындық деген шыдамды парасат қой,
Шындық жолын табады, асықпайды.
filial2450

1. Қазақ жазуының қалыптасуы және даму тарихы туралы сөйлесіңіз.

 

-Сәлем, қалың қалай?

-Сәлем, жақсы. Сен қалайсын?

-Жақсы. Міне қазақ жазуының тарихың зерттеп отырмын.

-Мен де жақында оны зерттегем.

-Онда айтшы, қазақ халқы қай жылы латын графикасының негізіндегі жаңа алфавитті қабылдады?

-Бір мың тоғыз жүз жиырма тоғызыншы жылы.

-Сен шынымен де қазақ жазуының тарихын жақсы зрттепсін.

-Иә, ал сен ше?

-Мен де тырысып отырмын.

-Онда мына сұраққа жауап берші.  Қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесін арнайы зерттеп, әліпби құрастырған қазақтың алғашқы фонологі  кім болған?

-Бұл, Ахмет Байтұрсынұлы болды.

-Сен де қазақ жазуының тарихын жақсы білед екенсін.

-Рахмет.

-Жақсы, мен кеттім. Сау бол.

-Кездескенше.

Объяснение:

Так пойдёт?

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Қалмақтан алған көп олжа Әділдікпен батырыңЖиып алып көп халқын, Бөліп берді еліне, Риза болды бәрі деҚобыланды сынды еріне...​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Shtorm-Shoe
coffee2201
Yekaterina
Mariya-Karaseva
kreon1
Vyacheslavovna240
omigunova39
victoriadan
Tatyana_Minullina
alenaya69918
la-ronde737
manager-3
skorpion7228528
Lomakina-Valerievna1779
docvet4