Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Rаnсырма. Тыңда. Мәтінді оқы. Қою қаріппен берілген сөздердің мағынасын анықта. Қазақстанда Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау, Алтай, Жетісу Ала- тауы, Тянь-Шань таулары бар. Сарыарқа Орталық Қазақстанда орна- ласқан. Сарыарқада ұсақ шоқылы аласа таулар бар. Орташа биік- Tiri 500-600 м. Сарыарқаның ең биік нүктесі Ақсорақ. Ақсоранның биіктігі - 1565 м. Мұғалжар аса биік емес, тастақ таулар тізбегі. Ең биік нүк- тесі - Боқтыбай тауы. Биіктігі - 657 м. Маңғыстау тауларына Қаратаудың батыс, шығыс жоталары, Ақтау- дың оңтүстік, солтүстік жоталары кіреді. Маңғыстау тауларының ең биік нүктесі - Қаратау-Бесшоқы. Оның биіктігі 556 м. Қазақстанға алып Алтай тауларының бір бөлігі енеді. Алтай таулары Зайсан көлі мен Байкал көлінің аралығында жатыр. Алтайдың ең биік шыңы - Мұзтау. Оның биіктігі 4506 м. ен Оңтүстік-шығыста Тянь-Шань таулары орналасқан. Орталық Батыс Солтүстік Тянь-Шань таулары Қазақстан жерінде жатыр. Ал Орталық иш), ал. Тянь-Шань Қытай, Қазақстан, Қырғызстан шекараларында орналасқан Қазақстандағы ең биік нүктесі Хантәңірі. Оның биіктігі - 6995 м. Женсу Алатауы Қазақстанның шығысында, Қытай мен Қазақстанның 1 шегарасында орналасқан. Жетісу Алатауы Тянь-Шань тауларына жата- ды. Ол Алакөл мен Іле өзенінің аралығында. Орташа биіктігі - 3580 м Ба з беттерінен
Ортасында піскен ас.
/Таба, нан/.
Үсті темір, асты темір,
Ортасын ал да кемір.
/ Таба, нан/.
Былқ-былқ ,былқ семіз,
Қабырғасы жоқ семіз.
/Қамыр/.
Бар еді бір жұмбағым егін емес,
Кісінің егейін десе ебі келмес.
Барлық ел,елаттарға тегіс бірдей,
Көтерсең ешнәрседен жеңіл емес.
/Тұз/.
Өзі аппақ қардай,
Шайға салсаң балдай.
/Қант/.
Бір қазанның ішінде екі түрлі ас.
/Жұмыртқа/.
Кішкене ақ шыныда екі түрлі су.
/Жұмыртқа/.
Бір құдықтың екі алуан суы бар-ды,
Қайнатса оның суы мұз болады.
/Жұмыртқа/.
Әуеден айнала ұшқан бөдене екен,
Бөденені біреу атып жеген екен,
Еті арам, сорпасы адал немене екен?
/Шай/.
Қаршығам өзі қансыз қолда қонар,
Қиын жерден қуанып ауыз толар,
Мен өзім қаршығамнан дән алыппын,
Шешуі бұл жұмбақтың қандай болар?
/Кесе, шай/.
Бір жерде бар дейікші сары бұлақ,
Мақсаты адамзатқа нәсіп болмақ.
Тып-тыныш өз жайымен тұрмаған соң,
Байлаған екі жақтан тесіп құлақ ,
Ойнақтар ор текесі ортасында,
Денесі басқалардан ұзынырақ.
/Қымыз, саба, піспек/.
Сылдыр сұйық, анады,
Ақ болса да қар емес,
Шешуін кім табады?
/Сүт/.
Жалғанда бір құдық бар суы тәтті,
Қауғасын бес бәйтерек мықтап тартты.
/Емшек сүті , бес саусақ/.
Қырымда бір құдық бар суы батпан,
Сол суы шілде күні мұз боп қатқан.
Сіресіп ба
уырдай боп қатқан мұздың,
Бетіне бетегесі шығып жатқан.
/Айран/.
Әрі сусын, әрі дәрі ,
Емге ішеді жас пен кәрі.
Малдың сүті ,елдің құты,
Деп бағалар жұрттың бәрі .
/Қымыз/.
Шиге жайып кептірген,
Өзі қышқыл, түсі ақ ,
Сорсаң дәмді, түсі ақ ,
Жаңғақтай-ақ домалақ.
/Құрт/.
Мың қойым суға жүзеді,
Қойшысы бірге жүзеді.
/Көже мен шөміш/.
Кішкентай құдығымның суы тәтті.
/Жіліктің майы/.
Асты тақтай, үсті тақтай,
Арасында асыл мақтай.
/Жіліктің майы/.
Дастарханға түспейді,
Қазанда піспейді ,
Дәмі аузынан кетпейді .
/Ана сүті/.