Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқы аталады. Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар,тәйке,омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б. Мысалы, құмар ойынға 2 – 4 адам қатысады. Олардың жақсы жонылып, табаны қайралған төрт асығы болуы керек. Ойыншылар өзара келісіп жеңімпазға жүлде тағайындап алады да кезек-кезек төрт асықты иіреді. Егер иіруші: төрт бүк, не төрт шік, не төрт алшы, не төрт тәйке түсірсе, жүлденің жартысын алады, төрт асық төрт түрлі түссе, онда тігілген жүлдені түгелдей алады. Осылайша ойын жалғаса береді. Асықты мұртынан не жамбасынан тұрғызуды омпы дейді. Омпы ойыны тегіс алаңда, жазық жерде, тіпті үлкен бөлме ішінде де ойнала береді. Ойыншы саны неғұрлым көп болса, ойын соғұрлым қызықты өтеді. Мақсат – көп асық ұтып алу. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көмбе сызады да көмбенің тең ортасына сызық бойына әрқайсысы екі асықтан тігеді. Тігілген асықтардың тап ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады. Балалар кезек-кезек сақаларымен он қадам жердегі омпыны атып түсіріп, асық ұтып алуға кіріседі. Егер атушы омпыға бірден тигізсе, онда тігілген бар асықты сол алады, ал омпыға тигізе алмай, тұрған асықтардың біреуіне тигізсе, сол асықты ғана алады. Асық жаңартыла тігіліп, ойын жалғаса береді. Асық ойынының халық арасына кең тараған, басқа да түрлері бар.[1
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Тапсырма 1. Мәтіннің бөліктерін тыңдап, әр бөлігіндегі тірек сөздерді анықтаңыз. Абай Құнанбайұлы – ұлы ақын, ойшыл, саяси қайраткер және біздің еліміздің тарихында үлкен із қалдырған адам. Ол әдебиеттің дамуына ғана емес, сонымен бірге Қазақстан, Ресей және басқа да Еуропа елдері арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға үлес қосқан. Тірек сөздер: Тобықты руының отбасында дүниеге келген. Шын есімі – Ибраһим. «Абай» деген атты, оның анасы Ұлжан қойған. Ибраһимнің әкесінде (Құнанбайда) 4 әйел болған. Ал, ақынның өзінде 3 әйелден болды. Алғашқы әйелі Ділдә – атақты Қазыбек бидің шөбересі. Оны сөз өнеріне ерте баулыған адам – әжесі Зере. Ол немересінде білімге деген сүйіспеншілік пен құштарлықты оята алды. Зере ауызша баяндаудың керемет шебері болған және ертегі мен әңгімені қызықты айта білген. Сондықтан, Абай әжесін қатты жақсы көретін. Тірек сөздер: Көптеген шығарма жазғанына қарамастан, көзі тірісінде, газеттің беттерінде бірнеше өлеңі ғана жарияланды. Тек қайтыс болғаннан кейін бес жыл өткен соң, «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңдері» атты шығармалар жинағы жарық көрді. Ол 170-ке жуық өлеңнің авторы. Сонымен қатар, орыстың ұлы ақындарының шығармаларын қазақ тіліне аударған. Ең маңызды өлеңдерін 40 жасында жаза бастады. Қазіргі уақытта, ұлы ойшылдың туындылары 60 тілге аударылған. Тірек сөздер: 2. Тірек сөздердің көмегімен мәтінге тақырып қойыңыз. Тақырып: 3. «Уақыт-ұлы күш» тақырыбында диалог құрастырыңыз. Тыңдалым мәтініндегі тірек сөздер мен сөз тіркестерін қолданыңыз.
1-билет
1.Абай Құнанбаев туралы әңгімеле.
2.Фонетика. Дыбыстар классификациясы. Дауысты дыбыстар.
3.Берілген сөздерді жікте.
2-билет
1. «Тәуелсіз Қазақстанға - 25жыл» тақырыбы туралы әңгімеле.
2.Фонетика. Дыбыстар классификациясы. Дауыссыз дыбыстар.
3.Берілген синонимдік қатардан артық сөзді тап.
3-билет
1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.
2.Буын түрлері.
3.Берілген сөздерді тәуелде.
4-билет
1.Қазақ тіл білімнің негізін салушылар. А. Байтұрсынов/әңгімеле/
2.Синонимдер.
3.Берілген сөздер қатарынан сөйлемдер құрастыр.
5-билет
1.Тіл туралы Заң.
2.Омонимдер.
3.Берілген түбірлес сөздерді теріп жаз, құрамына қарай талда.
6-билет
1.Ы. Алтынсарин туралы әңгімеле.
2.Антонимдер.
3.Берілген тұрақты тіркестерді табыңыз, қандай мәнде айтылған?
7-билет
1.Қазақ билері туралы әңгімеле.
2.Түбір және қосымша.
3.Сөйлемдердегі асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жаса.
8-билет
1.Қазақстан –ортақ үйіміз туралы әңгімеле.
2.Зат есім.
3. Құрмалас сөйлем .Салалас құрмалас сөйлем.
9-билет
1.Ежелгі қалалар туралы мәтінді оқы, аудар. /мәтінге сұрақтар құрастыр/
2.Сын есім.
3 Берілген сөздерді сөз құрамына қарай талда.
10-билет
1.Iлияс Есеберлин туралы әңгімеле.
2.Сан есім.
3.Берілген сөйлемнің тиісті тыныс белгілерін қойып жаз.
11-билет
1.Қазақ халқының салт –дәстүрлері туралы айт.
2.Есімдік.
3. Сөйлемдегі асты сызылған сөздерге фонетикалық талдау жаса.
12-билет
1.Ұлы Жеңіс күні ./мазмұндау/
2.Етістік.
3.Берілген сөздерді септе.
13-билет
1.М