Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мәтіндерді оқы. Екі мәтінді салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын, стилін тап. Кестеге жазамыз А мәтініЕуразия құрлығының дәл жүрегіндегі шетсіз-шексіз далада, биік таулар менмыңжылдық көлдер аралығында көшпенділер ортасында өзіндік ерекшелігі бар, табиғаттықадір тұтатын айрықша мәдениет өмірге келді. Ол моңғол және түрік халықтарымәдениетінің қосындысынан пайда болып, кейінірек ислам және парсылық дүниетанымәсерімен байи түсті. Ол кезде әлі Қазақстан мемлекеті болмаған еді. Алайда сол заманныңөзінде көп ғасырлық ортақ мәдениет қалыптаса бастады. Еркін деген ұғымды білдіретін«қазақ» атауының өзі кейінірек пайда болды (XIV-XV ғасырлардаБілім жөнінен артық, басқа өздері сияқтылар арасында осынау мәдениеттің алатынорнын анықтауға деген айрықша құштарлықтан, қандай да болсын біртұтас, ділі де, тілі дебір (түркі тілдес), мекендеген жерлері ұқсас дала тайпаларының бірлестігін құруқажеттілігі пайда болды. Осылайша, мемлекеттің пайда болуына алдына ала жол ашқан, көшпенділердің кеңістік пен уақыт жөніндегі үнемі қозғалыс жағдайындағы күрделітаным білімі және рухани ұғымдарына негізделген еркін мәдениет туды. Кейінірек осынаужоғары дамыған, көпқұрылымды мәдениет жаңа білімдермен және отырықшы өмірге тәнқағидалармен байи түсті. Оның құрамында тек далалық, көшпенді этностардың өкілдеріғана пайда болған жоқ. Қазіргі кезде мәдениет: түпнұсқалық қазақ мәдениеті (дәстүрлер, салт-жоралғылар, тіл, және т.б. сақталған) және бүгін біздің елде тұрып жатқан көптеген(130-дан астам) этностың ерекшеліктерін сіңірген қазақстандық мәдениет боп дамуда.Бүгінгі Қазақстан мәдениеті – қазақстандық халықтың тұрмыс-салттары мен әр алуанрухани және материалдық формада айқын байқалатын эстетикалық құндылықтарыныңкешені. Мәдениет табиғи күшіне сәйкес өзінің шығармашылық қуатын дамытып жәнебайытып, әлемдік ұлттық мәдениеттер отбасында алатын дара орынмен қамтамасызетеді. Ә мәтіні2016 жылдың 20 наурызында «Көшпенділер мен байланыстар» аттыхалықаралық көрме байқауы өткізіледі. Байқаудың басты мақсаты - адами әлемді ұйымдастыру жолы ретінде дәстүрлі мәдениетті көрсету. Көшпенділер мәдениетін әлемдік деңгейде кеңінен насихаттау.Байқаудың басты номинациялары:«Ең үздік сәндік-қолданбалы өнер туындылары»«Ең үздік қолөнер туындысы»Ұйымдастырушы: «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігіӨтетін орны: Астана қаласы, ҚР Ұлттық музейіБасталуы: сағат 10:00-деКелемін деушілерге есік ашық!