Міржақып Дулатұлы 1885 жылы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысындағы Сарықопа болысында (қaзipгi Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты "Қызбел" ауылы) дүниеге келген. Әкесі — Дулат аты шыққан шебер, ал анасы — Дәмеш әншілікке бейім болған. Міржақып екі жаста анасынан айырылды. Әкесі балаларының үлкені Асқарды әуелі мұсылманша, одан кейін орысша оқытып, заң қызметіне бағыттады. Осы жолмен кіші ұлы Міржақыпты да оқуға береді.
Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасында оқыды. Бірақ екі жылдан кейін басқа мектепке ауысып кетті. Ол жайында өзі де жазған.
"Жасым 8-ге келгенде әкем мені ауыл молдасына оқуға берген. Ол өте надан молда болатын. Қанша уақыт сол кісіден білім алғанымды білмеймін, бірақ араб тіліндегі дұғаларды жаттағанымнан басқа еш нәрсе үйренгенім жоқ", - деп жазды Дулатұлы.
Молдадан кейін Міржақып ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. 12 жасында әкесінен айырылады. Ағасы Асқар әкесінің тілегін орындаймын деп, Міржақыпты ары қарай оқытады. Сөйтіп, інісін өзі оқыған екі кластық орыс-қазақ мектебіне береді. Міржақып Ыбырай Алтынсарин негізін салып кеткен мектепте бес жыл оқып, үздік бітіріп шығады.
"Осымен менің оқу орындарынан білім алуым аяқталды. 1902 жылдан бастап ауылда мұғалімдік қызметімді атқара жүріп, бос уақытымды білімді жетілдіруге жұмсадым", - деп еске алды Дулатұлы.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Кажетті сөздерді пайдаланып, сөйлемдерді толықтыр. Қажетті сөздер: дамып келеді, төмендеуде, ықпалын тигізуде, шөлейттеніп, өзгеріскеұшырауда, тартылып жатыр, бүлініп жатыр, топырақ.Қазіргі кезде ғылым мен техника Бұл даму биосфераға тікелей Экологиялық жағдайкүн сайын. Табиғаты да бұрын-соңды болмаған ... Көптеген аймақтарымызда техногендітозуда, су қоры ... , атмосфера ластанып, ормандар сиреді, табиғат нудно очень
Мақала ғарышты қалай йгерген жайлы қарастырылды, мақала ғарышта тұңғыш игерген ғарышкерлерген арналған, мақалада ғарышқа ұшудың қандай қыйын екені және Қазақстанда ғарыш саласының дамығаны жатыр, автор өз мақаласында Арал теңізінің тартылып кеткені жайлы мәселеге тоқталды, автор ғарышқа ұшу үшін жақсы дайындық керегін адам дайындықсыз ұшуға болмайтыны деген сяқты мәселелер қозғалды. Мақаланың мақсатты Байқоңыр ғарыш айлағын қазақстаныдық тұңғыш "KazSat" жер серігі ұшырылғаны білу және тарихи салтанатқа Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин қатысқанын білу.