Ұлы Отан соғысының аяқталғанына, мінеки, 70 жыл толды! Яғни, біз 70 жыл бойы бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Ұлы Отан соғысына қатысқан ержүрек те, батыл аталарымыз бен апаларымыз: Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бигелдинов, Төлеген Тоқтаров біздің жерімізді, елімізді басқыншы жаудан қорғап қалған. Осы Алматының көптеген саябақтарында, көшелерінде олардың ескерткіштері қойылған. 1941-1945 жылдар аралығында болған соғыс қаншама жанның өмірін қиды, қаншама отбасы ер жігіттерінен айырылып, қара жамылды. Сол соғыс қаншама бүлдіршінді жетім қалдырды. Елді жоқшылық, аштық жайлады. Тылда еңбектеген баладан бастап, еңкейген қартқа дейін тынбай еңбектенді. Олар майдандағы солдаттарды өз қамқорлығына алды. Соғыс а біріктірді. Олар бейбіт өмір үшін қасық қаны қалғанша күресті. Менің үлкен атам – Құрмансейіт соғыс басталғанда ер азаматтармен бірге соғысқа аттанған екен. Соғыс біткен жылы жапондарға қарсы соғысқа кетіп бара жатқанын ауылдас досы көрген. Сол соғыстан менің ержүрек атам қайтпады. Ол кісінің соғыстан кейін тірі қалғаны, қалмағаны белгісіз. Ол туралы хабарсызбыз. Менің дәл бүгінгі күндей бақытты өмір сүруіме өз үлесін қосқан атамды мақтан етемін! Ол да батыр! Өйткені, 70 жыл бойына тыныш, бейбіт заманда өмір сүрудеміз. Бүгінде соғысқа қатысқан ардагерлер азайып бара жатыр. Соғыс туралы әңгімелер ертегі сияқты. Көп қасірет әкелген соғыс енді қайталанбаса екен деп тілейміз. 9 мамыр – жеңіс күні ерлердің ерлігіне тағзым етеміз, ортамыздағы ардагерлерге құрмет көрсетеміз.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Экипаж сөзге дыбыстық талдау
«Ана» деген сөзді есту, оны іштей қайталау, сыртқа шығарып айту керемет сезім. Өйткені сол тіршілік иесінің арқасында сіз қазір осы шығарманы оқып отырсыз. Сіз барсыз. Сіз тірісіз. Сіз дүниеге келдіңіз.
Әлемдегі ең сұлу және ең керемет атау – «Ана». Оның қадірі мен қасиетін түсініп біту мүмкін емес. Өйткені түн ұйқысын төрт бөліп, сіз үшін өл-өлгенше жанын беретін ананың балаға деген махаббаты мәңгілік, шексіз. Алғаш көзіңді ашқан кезде бауырына басып, «балам» деген анаңның әлдиі, бүтінін беріп жартысын алған, барын беріп жоғына қанағат танытқан – анаң.
«Жұмақтың кілті анаңның табанының астында» деген сөздің мәнін ашу үшін анаңызды меккеге үш рет апару аздық етеді. Бір тағдырдың дүниеге әкеліп, бағып-қағып өсіру жауапкершіліктің үлкені. Өзінің ғана емес сіздің де алдыңыздағы борышын атқарған анаға құрметсіздік жасау келсе тек хайуанның қолынан келер. Оның өзінде төлін сүймейтін хайуан да жоқ.
Әкеңіздің қабағын бағып, үйдің берекесі болып отырған ананың адамзат үшін алаңдап отыратыны тағы бар. Олар үйдің ғана емес, түздің де адамы. Қандай жұмыс болса да, қандай қиынық болса да көтеруге дайын. Өйткені олардың жанын нәзік жүрегін беріп етіп жаратқан. Ана екеу емес біреу ғана. Ал жалғыз дүниенің екінші рет қайтып келмейтінін, біреудің бірнешеу болмайтынын түсінсеңіз жақсылық жасаңыз. Көз жасын күлкіге, мұңын қуанышқа, жабырқаса жұбатып, сағынса қасынан табылыңыз. Ол міндетіңіз.
Ана бір қолымен әлемді бір қолымен бесікті тербетуші жер бетіндегі ең қасиетті адам. Оның алақаны тікеннің өзін жұмсартып, асаудың өзін жуасытар құдіретке ие. Жүрегінің кеңдігі сондай өз баласына ғана емес әлемнің баласына орын бар. Өйткені ана мен бала бір-бірі үшін жаралған қос сөздегі бір ұғым.