Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Отбасы дегеніміз – туысқандық байланыста бірлесіп өмір сүретін адамдар. Олар отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды. Отбасы – а ң өсіпөнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Отбасында қалыптасқан барлық жақсықасиеттер өмір бойына серік болады. Оны ешкім түзете алмайды.Тірек сөздер: 2.Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ана ерекше құрметтелген. Олардың тікелей үрімбұтақтары ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті болған. ҚазақстанРеспубликасының Конституциясында ата-аналар мен олардан тараған балалардыңқұқықтық қарым-қатынастары заңды түрде бекітіліп, өркениетті жолдармен қорғалады.Ата-ана балаларының тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балалар да кейін әкешешелері қартайған шағында қамқорлық жасауға міндетті.Тірек сөздер: 3.Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке – отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкенітыңдайды. Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды. Әке мен шешеақылдасып, үйленген ұлдарына енші бөледі, тұрмысқа шыққан қыздарына жасау береді.Қазақ отбасында қыздың орны да үлкен. Қызды ерекше құрметтейді.Тірек сөздер: 4.Кенже бала - отбасындағы ең кіші бала, кіші ұл. Кенже баланың өз отбасы болса да, ата-анасымен бірге тұрады. Себебі ол – қара шаңырақтың иесі. Қара шаңырақ - үлкен үй, әке-шеше үйі. Қара шаңыраққа барлық осы отбасының балалары, туыстары жиналады.Қара шаңырақта балаға туыстарын, нағашыларын, ата-бабасын, үлкен аталарын, жеті атасын үнемі айтып отырған.Тірек сөздер: Словосочетания: 2. Тірек сөздердің көмегімен мәтінге тақырып қойыңыз.Каждый монолог озаглавитьТақырып: __
Шоқан 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын жерінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол кезде Аманқарағай дуанының (орталығы Қараоба мекені) аға сұлтаны болған. Округ орталығы 1844 жылы Құсмұрын қамалына ауысқаннан кейін дуан аты Құсмұрын болып өзгертілді. Шоқанның өз атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Арғы атасы Қазақ Ордасының Ұлы ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. Шоқанның балалық шағы қыс кезінде Обаған бойындағы Күнтимес ордасында, жазда Есілдің оң саласы Аққанбұрлық алабындағы ата жайлауда өткен. Әжесі Айғаным тұратын Сырымбеттегі хан ордасында да балдәурен күндерін өткізген.«Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, Күнтимес ордасындағы әкесі ашқан ауыл мектебінде хат таныған Шоқан сол мектепте ортағасырлық қыпшақ-шағатай тілін меңгереді, парсыша, арабша тіл сындырады.Шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған. Шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең- жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. Оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды. Ол жас Шоқанға ежелгі қазақ аңыздарын, аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдері мен даналық сөздерін жиі айтып отыратын.
Подробнее - на -