Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1-мәтін.Күзкелді. Айнала алтын түске боялған. Ағаштардың жапырақтары сары, қызыл болып жерге түскен.Құстар жылы жаққа ұшуға дайындалуда. 2-мәтін.Аққу киелі құс. Аққудың мойны ұзын, тұмсығы қара, ұшы қызыл болып келеді. Аққудың қанаты үзын, мамығы ұлпа болады. Ол ұшқанда жаймен ұшады. Аққулар достықтың, мәңгіліктің белгісі. 3-мәтін.Ежелден адамдар үйді кірпіштен салуды ұнатқан. Себебі, кірпіш суда ерімейді, суықта үгілмейді. Ол күйдірілгендіктен берік болады. Қазір де кірпіш үй құрылысында, өнеркәсіп құрылыстарында пайдаланылады. 4-мәтін.Ақбөкендер ен даланы мекендейді.Олар топ-тобымен жайылады. Кәрі ақбөкендер қарауылда тұрады.Қауіп төнгенде пысқырып дыбыс шығарады. 5-мәтін. Ақбөкен қойға ұқсайды.Бірақ оның басы үлкен.Тұмсығы жалпақтау. Артқы аяқтары қысқалау. Көздері мөп-мөлдір. 6-мәтін.Үкі – жемін түнде аулайтын жыртқыш құс. Оның басы үлкен, көздері бақырайған, Қауырсындары жұмсақ. Ол ұшқанда дыбыссыз қанат қағады. 7-мәтін.Құмырсқаның қыста қарны ашпайды. Өйткені ол жазда таңертеңнен кешке дейін тапқан азығын илеуіне тасып алады. Сондықтан оны еңбекқор жәндік дейді. СОР ПО КАЗ ЯЗУ как я поняла нужно определить тип текста